Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және тастаңыз

Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.

Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Қолданылған батареяны не құрылғыны қоқысқа тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Батареяны немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының үстінде не ішінде ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі мүмкін.

Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз. Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.

Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан қорғаңыз

Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық температураларға шығармаңыз.

Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу мерзімін азайтуы мүмкін.

Батареяны металл заттарға тигізбеңіз, себебі олардың + және

– ұштары байланысып, батареяны уақытша немесе біржола зақымдауы мүмкін.

Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.

Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі аумақтарда пайдаланған кезде барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз

Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз

Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.

Қазақ тілі

235