Төтенше жағдайларда басқаларына көмектесу үшін құрылғыңызды пайдаланыңыз. Өмірге қауіп төндіретін көлік апатын, қылмыстың іс жүріп жатқанын немесе жедел жәрдемді қажет ететін жағдайларды байқасаңыз, жергілікті жедел жәрдем нөмірін теріңіз.

Қажет болған кездерде жол жанындағы көмек немесе арнайы, төтенше емес көмек қызметі нөміріне хабарласыңыз. Ешкімді жарақаттамайтын бұзылған көлік, сынған бағдаршам, жеңіл жол апаты немесе сіз білетін ұрланған көлікті көру сияқты онша қауіпті емес жағдайларға кезіксеңіз, осындай жағдайлар туралы хабарлайтын жергілікті арнайы қызметтерге қоңырау шалыңыз.

Ұялы құрылғыңызға дұрыс күтім жасау және пайдалануҚұрылғыңызды құрғақ ұстаңыз

Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.

Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.

Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз

Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.

Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңызҚұрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура арасында пайдалану ұсынылады

Құрылғыны көлік ішінде қалдырсаңыз және ішкі температура 80 °C шамасына жетсе, құрылғыңыз жарылып кетуі мүмкін.

Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.

Батареяны 0° C - 45° C аралығындағы температурада сақтаңыз.

Қазақ тілі

238