••Айнымалы ток сымына жалғағанда, қуат пернесі 4-6 секунд жұмыс істейді.

••Құрылғының қуатын қосқан кезде ол дыбыс шығарғанша 4-5 секундтай кідіріс болады.

••Егер дыбыстың тек Soundbar құрылғысынан шыққанын қаласаңыз, теледидардың Дыбысты орнату мəзірінен теледидар динамиктерін өшіріп тастауыңыз керек. Теледидармен бірге берілетін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Soundbar құрылғысының түп жағындағы панелі





POWER

OUT

(For TV)

POWER

IN







DIGITAL AUDIO IN

USB (5V 0.5A)



(OPTICAL)

WIRELESS

HDMI IN



 

 

 

HDMI OUT



AUX IN

(TV-ARC)

 

 

Wi-Fi SETUP SPK ADD



POWER OUT (For TV)

Soundbar құрылғысына қосылған және қабырғаға орнату жинағы (WMN300SB - жинақпен берілмейді) арқылы қабырғаға орнатылған Samsung TV құрылғысының қуат сымын жалғаңыз.

POWER IN

Soundbar құрылғысының АТ қуат кабелін жалғаңыз.

DIGITAL AUDIO IN (OPTICAL)

Сыртқы құрылғының сандық (оптикалық) шығысына қосыңыз.

WIRELESS

Soundbar құрылғысын айналадағы динамиктер мен сабвуферге сымсыз қосатын сымсыз адаптерді бекітіңіз. (Айналадағы динамик, сабвуфер және сымсыз адаптер бөлек сатылады.)

•• WIRELESS жалғағышы USB жетегімен үйлеспейді.

••Сабвуферлердің қолжетімділігі аймаққа байланысты ерекшеленеді. Қолжетімділігі туралы http://www.samsung.com/support веб-сайтынан қараңыз.

KAZ - 4