ЕСКЕРТПЕЛЕР•• Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.

•• Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.

•• Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.

•• Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған дұрыс қосылмауы мүмкін:

––Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.––Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.

––Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс істемесе.

•• Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату

Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі(Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” режимінен басқа кез келген режимге ауыстырыңыз.

•• Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі теледидар Soundbar құрылғысынан жауап алуы керек. (Қажетті уақыт теледидар үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.)

Wi-Fi арқылы қосылуБайланыс орнату алдындағы тексеру әрекеттерінің тізімі1.Samsung Smart TV құрылғысы 2014 жылдан кейін шыққанын растаңыз. Бұл функция 2014жылдан кейін шыққан Samsung Smart TV құрылғыларымен ғана үйлесімді.2.Сымсыз роутер (Wi-Fi)дайын әрі жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.3.ТД сымсыз роутерге (Wi-Fi желісі) қосылғанына көз жеткізіңіз.

KAZ - 8