Сақтандыру шаралары
Машинаның үстіне шықпаңыз және оған заттар (кір, жанған шам, өшірілмеген темекі, ыдыс, химикаттар, темір заттар сияқты және т.б.) қоймаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.
-Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына, өртенуге және машинаның сынуына әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын приборларды қоймаңыз.
-Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Жуу және кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада болатындықтан, бұл суға жоламаңыз.
-Бұл күюге немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса, орындыққа арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді (*) жумаңыз, сықпаңыз және кептірмеңіз.
-Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз.
-Бұл жарақаттануға әкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нәтижесінде кір жуғыш
машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.
*Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін киімдер, балықшы киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар жөргегі, тоқыма спорт киімдері,
Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз, себебі ол ыстық.
-Бұл күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды салмаңыз.
-Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш құралдарды енгізетін құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға тек жууға болатын заттардан басқа заттарды (бәтіңке, тағам қалдықтары, жануарлар сияқты) салмаңыз.
-Қатты дірілдің нәтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары жарақаттанып, өлуі де мүмкін.
Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге және т.б. сияқты үшкір заттармен баспаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе массаж жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен ластанған кірлерді жумаңыз.
- Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу жағдайына әкелуі мүмкін.
Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш сияқты темір заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
-Нәтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін
-Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап) жағып, оны тазалау үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз.