Samsung UE40JU7000UXRU, UE48JU7000UXMS manual Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

Page 46

Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

(ТД-ды пайдалану алдында осы Қауіпсіздік нұсқауларын оқуыңызды сұраймыз.)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.

Бұл таңба құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі бөлшегіне қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.

Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.

-- Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.

-- Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.

-- Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн, т.с.с.) қасына қоймаңыз. Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау немесе қайта өңдеуге қатысты ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.

Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.

Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғығаға зақым келуден сақтайды.

АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.

Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.

Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТД-ды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.

-- Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

ТД-ды шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар жерге немесе 24 сағат жұмыс істейтін әуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып ақпарат алыңыз. Бұлай істемегенде, ТД-ға елеулі нұқсан келуі мүмкін.

Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.

-- Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.)

Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Розетка мен қуат ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.

Керек-жарақтарын (батарея, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.

Құрылғыны орнықсыз тұрған сөреге немесе көлбеу еденге немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Егер құрылғыға зақым келсе, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

Бұл құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды. Батареяларды отқа тастамаңыз.

Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына дәл осындай немесе балама батареяны салыңыз.

ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІ БАР ЗАТТАРДАН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасына алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Казақ - 2

[JU7000-RU]BN68-07072T-01L04.indb 2

2015-05-04 오후 4:03:42

Image 46 Contents
Руководство пользователя Предупреждение. Важные указания по Безопасности РусскийЧто входит в комплект? Использование контроллера телевизораИзменение уровня громкости Переключение канала Пульт Samsung Smart ControlУстановка батарей в пульт Samsung Smart Control Return Возврат к предыдущему меню или каналуБеспроводное сетевое соединение Подключение ТВ-камерыПодключение к сети Проводное сетевое соединениеОписание кнопок основного экрана электронного руководства Электронное руководство e-ManualИсходная настройка Обновление электронного руководства до последней версииУстранение неисправностей и обслуживание Поиск и устранение неисправностейПредупреждение относительно неподвижных изображений Датчик экономного режима и яркость экранаОчистка поверхности телевизора Характеристики набора для настенного крепления Vesa Установка телевизораМонтаж телевизора на стене Установка настенного крепленияКрепление телевизора к подставке Меры предосторожности Крепление телевизора к стене Предотвращение падения телевизораТехнические характеристики и прочая информация Технические характеристикиНазвание модели UE75JU7000U UE85JU7000U Уменьшение потребления электроэнергииЗвук Лицензии Рекомендация только для стран ЕСРежим ожидания This page is intentionally Left blank JU7000-RUBN68-07072T-01L04.indb 2015-05-04 오후 Risk of Electric Shock do not Open EnglishRemote control sensor English Using the TV ControllerRegulatory Guide Not available in some locations Power Cord Whats in the Box?Installing batteries into the Samsung Smart Control Samsung Smart ControlNetwork Connection Wireless Connecting to a NetworkPairing the TV to the Samsung Smart Control Network Connection WiredE-Manual Initial setupAccessing the associated menu screen from an e-Manual topic Updating the e-Manual to the latest versionTroubleshooting and Maintenance TroubleshootingStill image warning Eco Sensor and screen brightnessCaring for the TV Installing the wall mount kit TV InstallationVesa wall mount kit notes and specifications Mounting the TV on a wallInstallation with a wall mount Attaching the TV to the StandSafety Precaution Securing the TV to the wall Preventing the TV from fallingSpecifications and Other Information SpecificationsWeight With stand Decreasing power consumptionModel Name UE75JU7000U UE85JU7000U Screen Size Diagonal Licences Recommendation EU OnlyПосібник користувача Увага! Важливі інструкції з техніки безпеки УкраїнськаКнопка управління Кнопка управління знаходиться Що в упаковці?Робота з контролером телевізора Сенсор пульта дистанційного керування УкраїнськаВстановлення батарей у пульт Samsung Smart Control Регулювання гучності Перемикання каналів’єднання в пару телевізора і пульта Samsung Smart Control Під’єднання камери для телевізораПід’єднання до мережі Під’єднання до мережі бездротове з’єднанняОновлення електронного посібника до найновішої версії Електронний посібникПочаткове налаштування Вибір ключового слова для переходу до відповідної сторінкиУсунення несправностей та обслуговування Усунення несправностейПопередження щодо нерухомого зображення Екодатчик і яскравість зображенняДогляд за телевізором Монтування телевізора на стіні Встановлення телевізораМонтування комплекту настінного кріплення Встановлення телевізора на підставці Заходи безпеки кріплення телевізора на стіні Вказівки щодо запобігання падінню телевізораТехнічні характеристики та інша інформація Характеристики Зменшення споживання електроенергії Модель UE75JU7000U UE85JU7000U Розмір екрана по діагоналіЛіцензії Рекомендації лише для ЄСПайдаланушы нұсқаулығы Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар Қорап ішінде не бар? ТД басқарушысын қолдануSamsung Smart Control құралы Samsung Smart Control құралына батареяларды орнатуТД-ды Samsung Smart Control құралымен жұптастыру ТД камерасын жалғауЖеліге қосылу Желілік байланыс СымсызПараметрлерді бастапқы орнату Эл. нұсқаулықЭл. нұсқаулықтың тақырып бетінде ұсынылған тақырыпқа өтіңіз Ақаулықты түзету және жөндеу Ақаулықты түзетуҚимылсыз суретке қатысты ескерту Эко сенсор және экранның жарықтылығыТД-ды күтіп ұстау ТД-ды орнату ТД-ды қабырғаға орнатуТД-ды тұрғыға бекіту Сақтық шарасы ТД-ды қабырғаға бекіту ТД-дың құлап қалуына жол бермеуТехникалық параметрлері және басқа ақпарат Техникалық параметрлеріПайдаланылатын қуат мөлшерін азайту Үлгі атауы UE75JU7000U UE85JU7000U Экран өлшемі диагональЛицензиялар Ұсыныс тек ЕО үшін ғанаКүту режимі BN68-07072T-01
Related manuals
Manual 194 pages 27.88 Kb Manual 194 pages 24.75 Kb Manual 1 pages 58.31 Kb Manual 2 pages 53.57 Kb