Қимылсыз бейнеге қатысты ескерту
Экранда қимылсыз суреттерді (мысалы, jpeg сурет файлдары), қимылсыз сурет элементтерін (мысалы, ТД арнасының логотиптері, экранның астыңғы жағындағы биржа немесе жаңалықтар жолағы, т.с.с.) немесе панорама немесе 4:3 пішіміндегі бағдарламаларды көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қимылсыз суреттерді экранға үздіксіз шығарсаңыз, бұл жарық диодты экранда таңдақ суреттің пайда болуына әкеліп, оның сапасына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұндай әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:
•• Теледидардан бір арнаны ұзақ уақыт бойы қарамауға тырысыңыз.
•• Кез келген суретті әрқашан экранға толық шығарып көріңіз. Мүмкіндігінше жақсы сәйкес келтіру үшін теледидардағы сурет пішіміндегі мәзірді пайдаланыңыз.
•• Сурет қалып қоймас үшін жарықтылық пен контраст мәндерін азайтыңыз.
••
ТД-ды күтіп ұстау
•• Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз.
•• ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және экранына сызат түспеу үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.
••
•• Экранды тазалау үшін теледидарды өшіріңіз де, панельдегі дақтар мен саусақ таңбаларын микроталшықты шүберекпен ақырындап сүртіңіз.
Казақ
Қазақ - 17