Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.
Бұл таңба құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі бөлшегіне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.
Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.
Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн, т.с.с.) қасына қоймаңыз. Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.
Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау немесе қайта өңдеуге қатысты ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.
Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғығаға зақым келуден сақтайды.
АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.
Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.
Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.
Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны орнықсыз тұрған сөреге немесе көлбеу еденге немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Егер құрылғыға зақым келсе, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш,
Бұл құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды. Батареяларды отқа тастамаңыз.
Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.
Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына дәл осындай немесе балама батареяны салыңыз.
ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІ БАР ЗАТТАРДАН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.
*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасына алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Казақ - 2