BLUETOOTH
Wireless Audio with Dock жүйесін Bluetooth құрылғыларына жалғап, жоғары сапалы стерео дыбысы бар музыканы сымсыз тыңдауға болады!
Bluetooth дегеніміз не?
Bluetooth технологиясы Bluetooth үйлесімді құрылғыларға қысқа қашықтықтық сымсыз байланысты пайдаланып бір бірімен оңай өзара байланысуға мүмкіндік береді.
•Bluetooth құрылғысы мынадай жағдайда қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін:
•Жұптастырған кезде Wireless Audio with Dock жүйесін және Bluetooth құрылғысын
•Wireless Audio with Dock жүйесі мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа нашарлайды. Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.
•Нашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•Bluetooth байланысы тек Bluetooth құрылғысы құрылғыға жақын болған кезде жұмыс істейді. Bluetooth құрылғысы ауқымнан тыс шықса, байланыс автоматты түрде өшеді. Осы ауқым ішінде болғанда да, дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілерден төмендеуі мүмкін.
•Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электрлік кедергілерді тудыруы мүмкін.
▪▪ Bluetooth құрылғысын Wireless Audio with Dock жүйесіне жалғағанда PIN кодын (құпия сөзді) енгізу сұралуы мүмкін. PIN код енгізу терезесі шыққанда <0000> санын енгізіңіз.
▪▪ Wireless Audio with Dock жүйесі SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды. ▪▪ AVRCP функциясын қолдамайды.
▪▪ Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
▪▪ Тек HF (Бос қол) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыла алмайсыз. ▪▪ Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.
▪▪ Wireless Audio with Dock жүйесін өшірген соң және жұптасу ажыратылғанда жұптасу автоматты түрде қалпына келтірілмейді. Қайта қосылу үшін құрылғыны қайтадан жұптау қажет.
▪▪ Wireless Audio with Dock жүйесі келесі жағдайларда іздемеуі немесе дұрыс қосылмауы мүмкін:
20