ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында көрсетілген жолмен құрастырыңыз.
ТД-ды қабырғаға орнату
[[ Осы ТД-ды қабырғаға орнатқан кезде өндіруші ұсынған ұсыныстарды орындау қажет. Егер олай істемесеңіз, ТД сырғып кетіп құлап қалуы, адам қатты жарақат алуы және өнімге нұқсан келуі мүмкін.
Қабырғалық аспа жинақты орнату (опция)
Қабырғалық аспа жинақты (жинаққа кірмейді) ТД-ды қабырғаға орнату үшін пайдалануға болады.
Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан қараңыз немесе оны қабырғалық аспа жинақтың көмегімен орнату үшін техникке хабарласып көмек алыңыз. Samsung Electronics компаниясы қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз немесе мүлікке нұқсан келсе, жауапкершілік көтермейді.
32"~50" дюйм | 55"~75" дюйм - Қабырғалық аспаның адаптері |
| 4EA |
| Қабырғалық | | Қабырғалық |
| | аспаның |
| аспаның | ТД |
| қапсырмасы |
| қапсырмасы | |
| | |
C
ТД
Қабырғалық жинақтың адаптері
C
Кез келген басқа қабырғалық аспа жинақты орнату алдында ТД-мен бірге берілген қабырғалық жинақтың адаптерін пайдаланыңыз.
-- Біздің қабырғалық аспа жинақты сатып алсаңыз, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен барлық қажетті керек - жарақ беріледі.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты ғимараттың басқа материалдарына орнату үшін, жергілікті дилерге хабарласыңыз. Егер өнімді төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін.
-- Ұсынылған стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Себебі, ТД-дың ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
-- Қабырғалық аспа жинақтың бұрандалары VESA стандартты бұрандалар стандартына сай келуі керек және пайдаланылған бұрандаларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-- Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі адам жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін. Samsung немқұрай қарау немесе дұрыс қолданбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға жауапты емес.
-- VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақты қолдануға байланысты өнімге зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung жауапкершілік көтермейді.
-- Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.