Таңдауды ойнату экранында Барл-н таңдау, Бар. таң. бас т. және Бас тарту параметрлерін де таңдай аласыз.

Барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін пайдаланыңыз. Бұл жеке жол таңдауларын болдырмайды. Қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін бассаңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап, E түймесін бассаңыз, барлық жолдар Музыканы ойнату экранында пайда болады, ал өнім барлық жолдарды ойнатуды 001 жолынан бастайды.

Барлық таңдалған жолдардың таңдауын бірден алу үшін, Бар. таң. бас т. параметрін пайдаланыңыз. Одан кейін, жеке жолдарды таңдаңыз немесе барлық жолдарды таңдау үшін Барлығын таңдау параметрін пайдаланыңыз, одан кейін қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін басыңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Егер Барлығын таңдау параметрін пайдаланбасаңыз немесе жеке жолдарды таңдамасаңыз, ойнату тізімі өзгермейді.

Бас тарту түймесі Таңдауды ойнату экранына жасалған барлық өзгертулерді болдырмайды. Ойнату экранына оралғанда, ойнату тізімі өзгермейді.

Алу

Музыка ықшам дискісінен музыканы USB ұясына жалғанған USB құрылғысына ала аласыз.

1 . USB құрылғысын өнімнің бүйіріндегі USB ұясына жалғап, қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін басыңыз.

2 . Өнімнен немесе оған алынатын дискіні салыңыз.

3 . Ойнату экраны көрсетіліп тұрғанда, TOOLS түймесін басыңыз. Құралдар мәзірі пайда болады.

4 . Алу параметрін таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Алу экраны пайда болады.

5 . Жолды таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Жолдың сол жағында құсбелгі пайда болады.

6 . Қосымша жолдарды таңдау және құсбелгі қою үшін, 5-қадамды орындаңыз.

7 . Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп, E түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы құсбелгі алынады.

8 . Орындап болған соң, Алу параметрін таңдау үшін, ► түймесін, одан кейін E түймесін басыңыз. Алу қалқымалы терезесі пайда болады.

9 . Алу процесін бастау үшін E түймесін басыңыз. Алуды аяқтау жолағы қалқымалы терезесі пайда болады.

10 . Алу аяқталғанда «Үзіліс аяқталды.» хабары пайда болады. E түймесін басыңыз.

11 . Ойнату экранына қайту үшін RETURN (') түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Алу процесі аяқталғанда, MP атты қалта USB құрылғысында жасалады.

Bluetooth құрылғысын пайдалану

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth — Bluetooth-үйлесімді құрылғыларға бір бірімен қысқа сымсыз қосылымды пайдаланып оңай қосылуға мүмкіндік беретін технология.

Bluetooth құрылғысы қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін.

-Егер дене бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе үй кинотеатрының қабылдау/ тасымалдау жүйесімен байланыста болғанда.

-Қабырға, бұрыш немесе кеңсе бөлгіштері арқылы туындаған кедергілерден электрлік өзгеріс.

-Медициналық құралды, микротолқынды пешті және сымсыз жергілікті желіні қоса бірдей жиілік диапазонындағы құрылғылардан болған электрлік жиілік.

Үй кинотеатрын жақын қашықтықты сақтай отырып Bluetooth құрылғысымен.

Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа нашарлайды.

Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.

Нашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Үй кинотеатрында ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық бағыттарда 10 метрге дейінгі тиімді қабылдау ауқымы бар. Егер қашықтық осы ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде қиылады. Осы ауқым ішінде болғанда да, дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.

Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электрлік кедергілерді тудыруы мүмкін.

Қазақша 43

05 Мультимедианы Ойнату

HT-E8000_RU_KAZ_0510.indd 43

2012-05-10 오전 9:39:58

Page 104
Image 104
Samsung HT-E8000/RU manual Алу, Bluetooth құрылғысын пайдалану, Bluetooth дегеніміз не?