4 . Желіні қосу тармағын таңдасаңыз, қосылу үшін сымсыз желі маршрутизаторының атауын енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз. Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басыңыз. Қауіпсіздік түрін таңдауға, одан кейін Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басуға болады.

5 . Қауіпсіздік экранында желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз.

6 . Аяқтағаннан кейін экранның оң жағындағы Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

7 . Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеруге әрекет етеді және тексере алмайды.

8 . Экранның оң жағындағы IP прм-лері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. IP параметрлері экраны пайда болады.

9 . IP режімі өрісін таңдап, оны Қолмен мәніне орнатыңыз.

10 . Қашықтан басқару құралындағы санды түймелерді пайдаланып, Желілік мәндерді енгізіңіз. Бір жазба жолағынан екіншісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл мәндерді Интернет провайдерінен алуға болады. Сондай- ақ, бұл мәндерді Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Нұсқауларды 29-беттегі «Желілік параметр мәндерін алу.» бөлімінен қараңыз.

11 . Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз. Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады. Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

WPS(PBC)

Сымсыз желі қосылымын орнатудың ең оңай жолдарының бірі PBC (WPS) функциясын пайдалану болып табылады. Сымсыз маршрутизаторда WPS(PBC) түймесі болса, келесі қадамдарды орындаңыз:

29-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің

1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Желі параметрлері

Келесі тізімнен сымсыз маршрутизаторды таңдаңыз.

1/10

iptime23

Жаңарту

ELT

WPS(PBC)

JSY

Алдыңғы

KT_WLAN_C361

Бұдан әрі

Mirhenge_edu

Болдырмау

SO070VOIP

2 . WPS(PBC) тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Екі минут ішінде маршрутизатордағы WPS(PBC) түймесін басыңыз. Өнім өзіне керекті желі параметрлерінің мәндерін автоматты түрде алып, желіңізге қосылады.

Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желіге желі қосылымы расталғаннан кейін барып қосылады.

Wi-Fi Direct

Wi-Fi Direct функциясы сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы Wi- Fi Direct құрылғыларын өнімге және бір-біріне қосуға мүмкіндік береді.

1 . Wi-Fi direct құрылғысын қосып, оның Wi-Fi Direct функциясын іске қосыңыз.

2 . Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Wi-Fi Direct тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Қосылуға болатын Wi-Fi Direct құрылғылары пайда болады.

04 Параметрлер

Қазақша 31

Page 92
Image 92
Samsung HT-E8200/RU manual Wi-Fi Direct, Wpspbc тармағын таңдап, E түймесін басыңыз