Samsung HW-H450/RU manual + Теледидарды Soundbar құралына жалғау, Қосу, Теледидар мəзірін қосыңыз

Models: HW-H450/RU

1 75
Download 75 pages 985 b
Page 45
Image 45

ФУНКЦИЯЛАР

TV SOUNDCONNECT

Теледидар дыбысын TV SoundConnect функциясын қолдайтын Samsung теледидарына жалғанған Soundbar арқылы ести аласыз.

+Теледидарды Soundbar құралына жалғау

Қосу

1.Теледидарды жəне Soundbar құралын қосыңыз.

Теледидар мəзірін қосыңыз.

"Дыбыс" жиекбелгісінде Динамик параметрлеріне жылжыңыз.

"Жаңа құрылғы қосу" мəзірін "Қосу" мəніне қойыңыз.

2.TV режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының үстіңгі

панеліндегі (

) түймесін немесе қашықтан

басқару құралындағы

(SOURCE) түймесін

басыңыз.

 

 

3.Теледидарда TV SoundConnect функциясын қосуды сұрау хабары пайда болады. Теледидардың экранында

"[Samsung] Soundbar" жазуы пайда болады.

4.Теледидар мен Soundbar жүйесін теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы қосуды аяқтау үшін <Yes> (Иə) жауабын таңдаңыз.

● Жасалған техникалық сипаттамаларына байланысты ( ) түймесі дəл солай

жұмыс істейтін ( ) түймесіне өзгертілуі мүмкін.

Soundbar режимін теледидардан басқа режимге ауыстыру TV SoundConnect мүмкіндігін автоматты түрде тоқтатады.

Soundbar жүйесін басқа теледидарға қосу үшін, бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.

Бар теледидардағы байланысты тоқтатып, басқа теледидарға қосу үшін қашықтан басқару құралындағы ► түймесін 5 секунд бойы басыңыз.

2012 жылдан бастап шығарылған кейбір теледидарлар TV SoundConnect (SoundShare) функциясын қолдайды. Бастау алдында теледидарда TV SoundConnect (SoundShare) функциясына қолдаудың бар-жоғын тексеріңіз. (Қосымша мəліметтер алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

Сіздегі Samsung теледидары 2014 жылдан бұрын шығарылған болса, SoundShare setting мəзірін тексеріңіз.

Теледидар мен Soundbar жүйесінің арасындағы қашықтық 5 метрден асса, қосылыс тұрақты болмауы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидар мен Soundbar жүйесін жұмыс ауқымына қайта орнатып, TV SoundConnect қосылымын қайта жасаңыз.

● TV SoundConnect жұмыс ауқымы:

-Ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде

-Ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде

TV SoundConnect режимінде Play (Ойнату)/ Pause (Кідірту), Next (Келесі), Prev (Алдыңғы) түймелері қолданылмайды.

+Bluetooth POWER On

функциясын пайдалану

Bluetooth POWER On функциясын Soundbar жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады. Bluetooth POWER On функциясы қосулы болған кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе өшірсе, Soundbar қуаты да қосылып, өшеді.

1.Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect

функциясы арқылы жалғаңыз.

2.Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER түймесін басыңыз. Soundbar жүйесінің дисплейінде "BLUETOOTH POWER ON" хабары көрсетіледі.

BLUETOOTH POWER ON : Теледидарды қосқан жəне өшірген сайын Soundbar жүйесі де қосылады жəне өшіріледі.

BLUETOOTH POWER OFF : Soundbar жүйесі тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.

● Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung

теледидарларында қолдау көрсетіледі.

20

Page 45
Image 45
Samsung HW-H450/RU manual + Теледидарды Soundbar құралына жалғау, + Bluetooth Power On Функциясын пайдалану, Қосу