•• Егер Soundbar негізгі құрылғысының дисплей терезесінде”TV ARC” жазуы шықпаса, кабельдің сәйкес портқа жалғанғанын тексеріңіз.

•• Soundbar құрылғысындағы дыбыс деңгейін өзгерту үшін теледидардың қашықтан басқару пультіндегі дыбыс деңгейінің түймелерін пайдаланыңыз.

2-әдіс. Сымсыз қосу

Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу

Теледидар Bluetooth құрылғысы арқылы қосылғанда, кабельдерді жалғамай-ақ, стерео дыбысты естуге болады.

•• Бір уақытта тек бір ғана теледидарға қосуға болады.

Бастапқы байланыс

1.Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” таңдаңыз.

2.BT” режимін “BT PAIRING” режиміне өзгертіңіз.

•• “BT READY” хабары пайда болса, “BT PAIRING” көрсету үшін Soundbar құрылғысындағы бүйірлік панель немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

3.Теледидардағы Bluetooth режимін таңдаңыз. (Қосымша ақпаратты ТД пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

4.ТД экранындағы тізімнен “[AV] Samsung Soundbar Mxxx M-Series таңдаңыз.

Қолжетімді Soundbar құрылғысы ТД Bluetooth құрылғысының тізімінде “Need Pairing” немесе “Paired” жазуымен көрсетіледі.

Soundbar құрылғысына қосылу үшін хабар таңдап, байланыс орнатыңыз.

•• Теледидар қосылғанда, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде [ТД атауы]” → “BT” хабары пайда болады.

5.Енді Soundbar құрылғысынан теледидар дауысын естуге болады.

Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса

•• Алдында қосылған Soundbar тізімінде (мыс. “[AV] Samsung Soundbar Mxxx M-Series”) атауы пайда болса, оны жойыңыз.

•• “BT” режимінде, Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін “BT PAIRING” режиміне ауысу үшін 5 секунд басып тұрыңыз. ТД іздеу тізімінен “[AV] Samsung Soundbar Mxxx M-Series таңдаңыз.

KAZ - 9

Page 73
Image 73
Samsung HW-M550/RU manual Әдіс. Сымсыз қосу, Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу, Бастапқы байланыс