Сақтық шаралары

1.Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз. Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын 7-10 см қалдырып, көлденең қойыңыз. Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын қадағалаңыз. Ойнатқышты күшейткіштердің немесе басқа ысып кететін жабдықтың үстіне қоймаңыз. Бұл өнім ұзақ пайдалануға арналған. Құрылғыны толығымен өшіру үшін айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырып алыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, құрылғыны ажыратыңыз.

2.Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.

3.Құрылғыға күн сәулесін немесе басқа жылу көздерін түсірмеңіз. Бұл құрылғының шамадан тыс қызуына және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

4.Өнімді ылғалдан (мысалы, құмыралардан), шамадан тыс жылудан (мысалы, камин) және күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған. Өнім суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Егер құрылғы қыста тасымалданған болса, пайдалану алдында ол бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.

5.Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар. Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз. Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды. Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.

ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚ ТУРАЛЫ

Пайдаланушы нұсқаулығы екі бөліктен тұрады: осы жалпы ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ және жүктеп алуға болатын егжей-тегжейлі ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Қауіпсіздік нұсқаулары, өнімді орнату, құрамдастары, қосылымдары және өнімнің техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты осы нұсқаулықтан қараңыз.

ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Толық нұсқаулыққа QR кодын сканерлеу арқылы Samsung компаниясының тұтынушыларға онлайн қолдау көрсету орталығында қатынасуға болады. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда қарау үшін нұсқаулықты құжат пішімінде веб-тораптан жүктеп алыңыз. (http://www.samsung.com/support)

Дизайн, техникалық сипаттамалар және қолданба экраны алдын ала ескертусіз өзгертіледі.

KAZ - iii

Page 65
Image 65
Samsung HW-MS650/RU manual Сақтық шаралары, Толық Нұсқаулық