Қауіпсіздік туралы ақпарат

Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық- түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/ немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрылғыны іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, келешекте қарап жүру үшін құрылғыдан алыс емес, сенімді жерге сақтап қойыңыз.

Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны

02_ Қауіпсіздік туралы ақпарат

қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда)

қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз адамдар, құрылғыны қауіпсіз қолдану, оны пайдалану барысында орын алуы мүмкін қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады.

Балаларға осы құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыға күтім көрсетуге тыйым салынған.

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік нұсқауларында", орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.

DA68-02916H-09.indb 2

2017. 2. 7. �� 4:57