тоңазытқышты

пайдалану

1.ҮСТІҢГІ ІЛГЕКТІ ЖӘНЕ ІЛГЕКТІҢ ШТЫРІН шешіп алыңыз және оны ҮСТІҢГІ ІЛГЕККЕ қарама-қарсы жаққа бекітіңіз.

ЕСІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ҚАҚПАҒЫН және тоңазыту камерасының есігін шешіңіз.

2.А және Е БҰРАМАЛАРЫН бұраңыз және ОРТАҢҒЫ ІЛГЕКТІ шешіп алыңыз, содан кейін мұздату камерасының есігін босатып алыңыз. ІЛГЕК ТЕСІГІНІҢ БІТЕУІШІН, КОРПУС БҰРАМАСЫНЫҢ БІТЕУІШІН шешіңіз және сол жағына Ғ БҰРАМАСЫН бұраңыз, содан кейін оны оң жағына бекітіңіз.

3.Тоңазытқышты абайлап 45 градустай қисайтыңыз, оң АЯҒЫН шешіп алыңыз және D БҰРАМАСЫН бұраңыз.

Оң жағынан АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІ, АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІҢ ФИКСАТОРЫН, ІЛГЕКТІҢ ШТЫРІН және АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІҢ ТОҚТАТҚЫШЫН шешіп алыңыз. АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІҢ ТОҚТАТҚЫШЫ мен АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІҢ ФИКСАТОРЫН қарама-қарсы жаққа ауыстырыңыз және оны АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІҢ сол жағындағы АСТЫҢҒЫ ІЛГЕККЕ және ІЛГЕКТІҢ ШТЫРІНЕ бекітіңіз.

4.Сол АЯҒЫН шешіп алыңыз және D БҰРАМАСЫН бұраңыз.

БАСТЫРМАНЫ шешіп алыңыз және оны оң жағына орнатыңыз. АЯҒЫН орнына орнатыңыз.

5.G БҰРАМАСЫН бұраңыз және тоңазыту және мұздату камераларының есігіндегі ЕСІК ТОҚТАТҚЫШЫН шешіп алыңыз және оны есіктің сол жағына орнатыңыз.

ЕСІК ТЕСІГІНІҢ БІТЕУІШІН және ЕСІК БАСТЫРМАСЫНЫҢ БІТЕУІШІН шешіп алыңыз оларды есіктің сол жағына орнатыңыз.

6.А және Е БҰРАМАЛАРЫНЫҢ көмегімен ОРТАҢҒЫ ІЛГЕКТІ бекітіңіз және мұздату камерасының есігін орнатыңыз. АСТЫҢҒЫ ІЛГЕКТІ сол жағына бекітіңіз де АЯҒЫН орнатыңыз.

Тоңазытқышты орнықты қойыңыз және содан кейін тоңазыту камерасының есігін орнатыңыз. А БҰРАМАСЫНЫҢ көмегімен ЖОҒАРҒЫ ІЛГЕКТІ бекітіңіз.

ПАЙДАЛАНУ 02

орнату_21