Тоңазытқышпен жұмыс істеу

БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ТЕКСЕРУ

(A ТИПТІ)

(B ТИПТІ)

5

1

2

3

4

5

Түйме басылғаннан кейін қысқа дыбыс естіледі.

1Тоңазытқыш

Тоңазытқышты 1°C мен - 7°C арасындағы қалаған температураға орнату үшін “Тоңазытқыш” түймесін басыңыз. Әдепкі мәні бойынша температура 3°C мәніне орнатылады, “Тоңазытқыш” түймесі басылғаннан кейін температура келесі тәртіппен өзгереді және температура көрсеткіші қалаған температурны көрсетеді.

Демалыс функциясын іске қосу үшін түймені 3 секунд басып тұрыңыз.(A ТИПТІ)

2Мұздатқыш

Мұздатқышты 14°C мен - 25°C арасындағы қалаған температураға орнату үшін “Мұздатқыш” түймесін басыңыз.

Әдепкі мәні бойынша тем ература -20°C мәніне орнатылады және “Мұздатқыш” түймесі басылғаннан кейін температура келесі тәртіппен өзгереді және температура көрсеткіші қалаған температурны көрсетеді.

Жылы тамақты сақтауға қою немесе есіктің жиі ашылуына байланысты

тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөліктеріндегі температура күрт артқан жағдайда тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура көрсеткіші жыпылықтайды.

Тоңазытқыш немесе мұздатқыш температурасы қалыпты күйге келгенде тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура көрсеткіші жыпылықтауды тоқтатады. Егер температура көрсеткіші бірнеше сағаттан кейін жыпылықтауды тоқтатпаса, қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.

Қатты мұздату функциясын іске қосу үшін осы түймені басыңыз. Қатты мұздату көрсеткіші ( ) жанады және тоңазытқыш мұздатқыштағы өнімдерді мұздату уақытын жеделдетеді.

Бұл функция 72 сағатқа іске қосылады және мұздатқыш көрсеткіші -23°C мәнін көрсетеді. Бұл функция автоматты түрде өшеді.

Қатты мұздату процесі аяқталған кезде Қатты мұздату функциясы өшіп, мұздатқыш алдыңғы температура параметріне оралады. Бұл функцияны пайдаланған кезде қуат тұтыну артады.

Бұл функцияны өшіру үшін “Мұздатқыш” түймесін

3секунд басыңыз.

Егер мұздатқышта көп көлемді азық- түлікті мұздатқыңыз келсе, Қатты мұздату функциясын 24 сағат бұрын іске қосыңыз.

3Дабыл

Дабыл функциясын іске қосу үшін осы түймені басыңыз. Тоңазытқыш есігі 2 минуттан аса ашық қалған жағдайда дабыл индикаторы ( ) жанады және тоңазытқыш дабыл беріп, ескерту жасайды.

Дабыл функциясын өшіру үшін осы түймені басыңыз.

08_ Пайдалану

DA99-03458B(0.4).indb 08

2011.10.18 10:19:19 AM