3Демалыс режимі

Егер сіз ұзақ уақытқа демалысқа немесе іссапарға кетуді жоспарласаңыз, демалыс режимін қою үшін Fridge түймешесін басыңыз.

Тоңазытқыш өшеді, бірақ мұздату камерасы əдетінше жұмыс істеп тұрады.

Демалыс режимі қосылып тұрғанда, бұл режимнің белгісі () жанып тұрады.

-Демалыс режимін қосар алдында тоңазытқыштан барлық азық-түлікті

Назар аударыңыз! шығарыңыз.

-Егер сіз үш аптадан аздау уақыт болмайтын болсаңыз, тоңазытқышты қуат көзінен ажыратудың қажеті жоқ. Бірақ егер ұзағырақ уақыт болмайтын болсаңыз, тоңазытқыштан барлық азық-түлікті шығару қажет. Тоңазытқышты өшіріп, тазалаңыз, жууыңыз жəне құрғатыңыз.

4Балалардан қорғаныс

Барлық түймешелерді қорғаныс қою үшін, балалардан қорғаныс түймешесін үш секунд бойы басып тұрыңыз.

Түймешелерді қорғаныстан шығару үшін тағы да балалардан қорғаныс түймешесін үш секунд бойы ұстап тұрыңыз.

5Есіктің ашық қалғанын хабарлау

Door alarm (есіктің ашық қалғанын хабарлау) түймешесін басқанда хабарлау белгісі пайда болады. Егер тоңазытқыштың есігі ашық қалса, белгілі бір уақыт аралығында (шамамен екі минут) хабарлау қосылады. Бұл қызметті өшіру үшін Door alarm түймешесін тағы да басыңыз.

ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАСҚАРУ (ЭЛЕКТРОНДЫ)

МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ

Мұздату камерасының температура көрсеткіші -14°С-тан -24°С-қа дейін құрайды. Экранда қажетті температура мөлшері пайда болғанша, Freezer (мұздату камерасы) түймешесін басыңыз. Кейбір азық-түліктердің, мысалы, балмұздақтың -16°С-та еріп кететіндігін ұмытпаңыз.

Суреттелетін белгілердің тізбегі -14°С-тан -24°С-қа дейін өзгеріп отырады. Мөлшер -14°С-қа жеткен кезде экранда -24°С деген мөлшер қайтадан шығады. Жаңа температура қойылған соң бес секундтан кейін, экранда мұздату камерасының қазіргі температурасы шығады. Бірақ мұздату камерасы жаңа температураға қалыптасқанша, бұл мөлшер өзгереді.

ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ

Тоңазытқыштың температура көрсеткіші 7-ден 1°С-қа дейін құрайды. Экранда қажетті температура мөлшері пайда болғанша, Fridge (тоңазытқыш) түймешесін басыңыз. Тоңазытқыш температурасын басқару процесі мұздату камерасындағыдай. Керекті температура деңгейін таңдау үшін Fridge (тоңазытқыш) түймешесін басыңыз.

Бірнеше секундтан кейін тоңазытқыш белгіленген температураны алады. Сонымен қатар мəліметтер сандық экранда суреттелетін болады.

10_ Пайдалану

DA99-01697G(1.6).indb Sec4:10

2012.10.6 11:42:45 AM

Page 30
Image 30
Samsung RT72SASW1/TAC, RT72SBSM1/BWT manual Температураны Басқару Электронды, Мұздату Камерасының Температурасын Басқару