Индекс бетінен Беттерді жүктеу

Индекс бейнебетін экранға шығару үшін, экранның бүйір жағынан Индекс түймешігін басыңыз. Тиісті бетке бару үшін тізімнен кілт сөзді таңдаңыз.

Алдыңғы оқылған Беттерді жүктеу үшін Журнал параметрін пайдалану

Экранның бүйір жағынан Ашық бет параметрін таңдаңыз. Алдыңғы оқылған беттер тізімі көрсетіледі. e-Manual нұсқаулықтың таңдалған беті ашылады.

Мәзірге e-Manual арқылы кіру (Қазір көру)

Тиісті мәзірге тура барып, функцияны қолданып көру үшін функция сипаттамасы берілген беттен

(Қазір көру)

параметрін таңдаңыз.

 

e-Manualішіндегі нақты бейнебет мәзірі функциясына қатысты жазбаны оқығыңыз келсе, E-MANUALтүймешігін басыңыз.

-Кей мәзір функциялары қолданылмайды.

Сілтеме беттерді жүктеу

Тиісті сілтеме бетіне өту үшін функция сипаттамасы көрсетілген беттің бүйір жағынан (Байланыстыру) параметрін таңдаңыз.

e-Manual нұсқаулықты соңғы нұсқасына дейін жаңарту

e-Manual нұсқаулықты бағдарламаларды жаңартқан тәрізді жаңартуға болады.

1.e-Manualэлементін SAMSUNG APPS экранынан таңдаңыз.

2.Enter түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Параметрлер мәзірі көрсетіледі.

3.Бейнебеттің үстіңгі жағындағы Параметрлер мәзірінен Бағдарламаларды жаңарту пәрменін таңдаңыз. Қалқымалы терезе көрсетіледі.

-Бағдарламаларды жаңарту параметрі экранда егер жаңарту қажет болса ғана көрсетіледі.

4.Қалқымалы терезеден e-Manualқойындысын таңдап, содан кейін Жаңарту пәрменін таңдаңыз. e-Manual-ты соңғы нұсқасына дейін жаңартуға болады.

English Казақ

Казақ - 15

Page 75
Image 75
Samsung UE32H4500AKXRU, UE32H4510AKXRU Manual нұсқаулықты соңғы нұсқасына дейін жаңарту, Индекс бетінен Беттерді жүктеу