Қабырғалық аспа жинақты орнату

Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) теледидарды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді. Қабырғалық аспа жинақты орнату туралы толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан оқи аласыз. Қабырғаға орнатылатын құрсауды орнына қондыру үшін техник маманға хабарласыңыз. Өз бетіңізбен орындау ұсынылмайды.

Samsung Electronics компаниясы құрылғыны дұрыс орнатпаудың нәтижесінде жарақаттансаңыз не басқа адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, бұндай жағдайлар үшін жауапкер емес.

Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)

Қабырғалық аспа жинақ теледидармен бірге жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады.

Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа құрылыс материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

ЕСКЕРІМ

xx Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.

xx Қабырғалық аспа жинақ сатып аларда, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен керек - жарақтар беріледі.

xx VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.

xx Стандартты өлшемнен ұзын бұрандаларды қолданбаңыз, себебі теледидардың ішіндегі бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

xx VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, бұрандаларының ұзындықтары басқаша болуы мүмкін.

xx Бұрандаларды тым қатайтпаңыз, себебі өнімге нұқсан келуі немесе құлап қалып, адамды жарақаттауы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.

xx VESA стандартына сай емес немесе өндіруші ұсынбаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе сатып алушы өнімді орнату туралы нұсқауларды орындамағандықтан өнімге зақым келсе немесе адам жарақат алса, Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.

xx Теледидарды орнатқанда 15 градустан асыра қисайтпаңыз.

дюйм

VESA стан. (A * B)

Стандартты

Саны

бұранда

 

 

 

 

 

 

 

19~22

75 X 75

M4

 

26

100 X 100

4

 

32~40

200 X 200

M6

 

46~60

400 X 400

M8

 

Қабырғалық аспа жинақты теледидар қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы соғып, адам жарақат алуы мүмкін.

Теледидарды қабырғаға бекіту

Абай болыңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Әсіресе, балалардың теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып кетіп, ауыр жарақатқа не адам қазасына әкеліп соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Барынша орнықты ету үшін, аударылып кетуден сақтайтын құралды сақтық мақсатында төмендегідей орнатыңыз.

Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін

Қабырға

1.Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.

2.Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.

Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алуды сұраймыз.

3.Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.

ЕСКЕРІМ

Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.

Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.

Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.

4.Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға хабарласыңыз.

Қазақша - 10

Page 55
Image 55
Samsung UE40FH5007KXRU manual Қабырғалық аспа жинақты орнату, Теледидарды қабырғаға бекіту