•• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.

•• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.

•• АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.

•• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.

•• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

•• Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

•• Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

•• Теледидар пайдаланылмастан тұрып қалса немесе үйде ұзақ уақыт болмасаңыз (әсіресе балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) қуат ашасын розеткадан суыруды ұмытпаңыз.

–– Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

•• Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары не төмен, ылғалдылығы жоғары, химиялық заттары бар жерге немесе әуежай, теміржол вокзалы, т.с.с. тәрізді, теледидар тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін жерлерге орнататын болсаңыз, міндетті түрде Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Олай етпесеңіз, теледидарға елеулі нұқсан келуі мүмкін.

•• Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.

–– Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.)

•• Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Қажет болған жағдайда осы аспаптың тоқтан жылдам суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка мен қуат ашасына оңай жетуге болатынына көз жеткізіңіз.

•• Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

•• Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Құрылғы бүлінген болса, қуат сымын суырыңыз да, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

•• Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

•• Осы аспапқа сұйық затты тамшылатпаңыз немесе шашыратпаңыз.

•• Батареяларды отқа тастамаңыз.

•• Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

•• Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.

*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Қазақ - 4

Page 70
Image 70
Samsung UE49MU6303UXRU manual