Параметрлерді бастапқы орнату

ТД-ды қосқанда бастапқы параметр орнататын тілқатысу терезесі пайда болады. Бастапқы параметр орнату үдерісін, соның ішінде мәзір тілін, арналарды іздеу, желіге қосылу және басқа функцияларды баптауды аяқтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Әр қадам көрінген сайын, параметрді таңдаңыз немесе қадамнан өтіп кетіңіз. Кейін осы әрекетті кейін Жүйе > Орнату мәзірінен қолдан орындауға болады.

-- Егер құрылғыны орнатпай тұрып HDMI1 ұяшығына қоссаңыз, Арна ресурсы автоматты түрде STB декодері режиміне қойылады.

-- Егер STB декодері режимін таңдағыңыз келмесе, Aнтенна параметрін таңдаңыз.

Құпиясөзді ауыстыру

Жүйе > PIN кодын өзг

ТД құпиясөзін өзгерту.

1.PIN кодын өзг функциясын қосып, содан кейін құпиясөз жолағына ағымдық құпиясөзді енгізіңіз. Әдепкі құпиясөз: "0-0-0-0".

2.Жаңа құпиясөзді енгізіп, содан кейін растау үшін оны қайта енгізіңіз. Құпиясөзді өзгерту аяқталды.

-- Егер PIN кодты ұмытып қалсаңыз, PIN кодты "0-0-0-0" қалпына қою үшін түймешіктерді келесі ретпен басыңыз:

Күту режимінде:MUTE → 8 → 2 → 4 → POWER (Қосу)

Видео сигнал көзін таңдау

Қосылған сыртқы құрылғыны SOURCE түймешігін басып таңдауға болады.

Мысалы, екінші HDMI ұяшығына қосылған ойын құрылғысына қосылу үшін SOURCE түймешігін басыңыз. Кіріс сигналын HDMI режиміне ауыстыру үшін Сигнал көзі тізімінен HDMI2 параметрін таңдаңыз. Құрылғыға байланысты ұяшық атаулары әр түрлі болуы мүмкін.

Сигнал көзі бейнебетінде келесі функцияларға қолжетімді:

TOOLS түймешігі

Сыртқы құрылғыға қосылған ұяшықты таңдаңыз да, Enter түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Келесі функцияларға қолжетімді:

-- Әр ұяшықта қолжетімді функциялар әр түрлі болуы мүмкін.

Атын өзгерту

Сыртқы құрылғыларды оңай ажырату үшін ТД-ға қосылған құрылғыларға қайта атау беріңіз.

Мысалы, ТД-ға HDMI-DVI сымымен қосылған компьютерді DVI PC деп атауға болады.

Сондай-ақ, ТД-ға HDMI сымымен қосылған компьютерді ДК деп атаңыз.

Сонымен қатар, ТД-ға HDMI-DVI сымымен қосылған АВ құрылғыны DVI құрылғы-рыдеп атаңыз.

Ақпарат

Қосылған құрылғылар туралы толық ақпаратты қараңыз.

Anynet+ (HDMI-CEC)

ТД-ға қосылған Anynet+ (HDMI-CEC)-сыйысымды құрылғылар тізімін көрсетеді.

-- Бұл функция Anynet+ (HDMI-CEC)параметрі Қосу қалпына қойылғанда ғана жұмыс істейді.

USB құрылғысын алып тастау

ТД-ға қосылған USB құралын қауіпсіз түрде ағыту үшін қолданылады. Бұл функция USB құралы таңдалса ғана жұмыс істейді.

Казақ - 12

Page 74
Image 74
Samsung UE40H6200AKXMS Видео сигнал көзін таңдау, Құпиясөзді ауыстыру, Қосылған құрылғылар туралы толық ақпаратты қараңыз