Кіріктірілген камера

ТД-дың кіріктірілген камерасын Қимылмен басқару және Бетті тану функцияларын басқару үшін және кіріктірілген микрофонды Дыбыспен басқару функциясын басқару үшін пайдалануға болады. Камераның қарау бұрышын өзгертуге болады.

Линза

Микрофондар

ТД камерасын пайдаланған кезде линзасын ұстамаңыз. Саусақтардың ізі қалып, суреттің сапасына әсер етуі мүмкін. Линзалары кірлеп қалса, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Микрофонның тесіктерін шаңнан және бөгде заттардан таза ұстаңыз. Егер тесіктері бітеліп қалса, Дыбыспен басқару функциясы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Микрофонды жұмсақ шүберекпен сүртіп тазалаңыз.

ТД камерасын созу және жинау

ТД камерасын пайдалану үшін оны әуелі ұзарту керек.

Камераның линзасына қол тигізбей, сырт еткен дыбыс естілгенше ішке қарай баппен итеріңіз. Камера ытқып шығады.

ТД камерасын пайдаланбасаңыз, оны ТД ішіне қарай тартып жинап қойыңыз. ТД камерасын ішке қарай тартып жинап қойғаннан кейін Дыбыспен басқару функциясын ғана пайдалана аласыз, бірақ Қимылмен басқару және Бетті тану функцияларын қолдана алмайсыз.

Камераны жинау үшін оның линзасына қол тигізбей, сырт еткен дыбыс естілгенше ішке қарай баппен итеріңіз.

Камераның бұрышын түзету

Камераның бұрышын төмен қарай реттеу үшін

Камераны жоғары қарай реттеу үшін.

Саусағыңызды камераны реттейтін тетікке салып, бұрышты төмен қарай реттеу үшін камераны көрсеткінің бағытымен итеріңіз.

Саусағыңызды камераны реттейтін тетікке салып, бұрышты жоғары қарай реттеу үшін камераны көрсеткінің бағытымен итеріңіз.

Казақ - 6