САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫ

1.Шаңсорғышпен жұмыс істер алдында нұсқаулықты мұқият түгел оқып шығыңыз. Шаңсорғышпен жұмыс істер алдында оның астында орналасқан номиналды деректер келтірілген кестедегі кернеу желілік кернеуге сай екендігіне көз жеткізіңіз.

2.АБАЙЛАҢЫЗ : Шаңсорғыштың дымқыл еденге қолданылуына жол бермеңіз.

Шаңсорғышпен суды соруға жол бермеңіз.

3.Кішкентай балаларға, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауапты тұлға тарапының қадағалауынсыз əрекет етуі шектеулі тұлғаларға да шаңсорғышпен жұмыс істеуге болмайды.

4.Шаңсорғышты шаң жинағыш қабынсыз қолданбаңыз. Шаңсорғышыңыз жоғары тиімділікпен жұмыс істеу үшін шаң жинағыш қапты толық толмай тұрып ауыстырыңыз.

5.Шаңсорғышпен шашылған ши, ыстық күл немесе темекі тұқылдарын тазартпаңыз. Шаңсорғышты қыздырғыш жəне басқа да жылу көздерінің жанынан алшақ ұстаңыз. Жылудың əсерінен шаңсорғыштың пластикалық бөлшектері түсін жоғалтып жəне майысып қалуы мүмкін.

6.Шаңсорғышпен қатты, үшкір заттарды тазартпаңыз, себебі олар ішкі бөлшектерді зақымдауы мүмкін. Шаңсорғыш шлангісінің үстіне тұрмаңыз. Шланг үстіне жүк қоймаңыз. Шаңсорғыштың соратын немесе шығаратын тесіктерін бекітпеңіз.

7.Желілік шнур айырын розеткадан ажыратпас бұрын шаңсорғыш қозғалтқышын өшіріңіз. Шаң жинағыш қап жəне сүзгіні алып-салу алдында желілік шнур айырын розеткадан ажыратыңыз.

8.Шаңсорғышты тазарту немесе күтіп-баптамас бұрын желілік шнур айырын розеткадан ажырату керек.

9.Желілік шнур ұзартқыштарын пайдалануға болмайды.

10.Шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемеген кезде, оны электржелісінен ажыратып тастаңыз жəне авторизацияланған сервис өкілімен кеңесіңіз.

11.Жазатайым жағдайларды болдырмас үшін зақымданған желілік шнурды өндіруші, оның сервис өкілі немесе аналогиялық біліктілігі бар маман ауыстыру керек.

12.Шаңсорғыш қызып кеткен кезде шаңсорғышты электркөзінен ажыратып тастайтын жылу қорғанысының өзіндік қалыпқа келетін автоматымен жабдықталған. Қызып кету сүзгінің, саптаманың, түтіктің, шлангінің бітеліп қалуынан болуы мүмкін. Қызып кетудің салдарын жойғаннан кейін жəне қозғалтқыш суығаннан кейін шаңсорғыш автоматты түрде іске қосылады.

13.Шаңсорғыш шаң басқан тазалау беттерін тазартуға арналған.

14.Шаңсорғышты тағамдық өнімдер (мысалы, құм шекер, тұз, ұн, жəне басқа еспе тағамдар), сонымен қатар құрылыс материалдары (мысалы, əк, құм, топырақ, цемент, т.б.), кір жуғыш ұнтақ шашылып жатқан жерді жинау үшін пайдаланбаңыз

15.Бүлінген шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Кейбір ақаулықтар пайда болған жағдайда шұғыл түрде Самсунг Электроникс компаниясының авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

KK-1

Page 10
Image 10
Samsung VCC4181V34/XEV, VCC4142V34/SBW, VCC4142V3O/XEV, VCC4142V3O/RVC manual Сақтандырудың Маңызды Шаралары