TV SoundConnect функциясы арқылы теледидарға қосылу (Bluetooth)

TV SoundConnect режимі Samsung TV құрылғысы мен динамик арасында сымсыз оңай қосылуға мүмкіндік береді, сондықтан теледидардың дыбысын динамик арқылы тыңдауға болады.

1.MODE түймесін «TV SoundConnect is ready. (TV SoundConnect дайын.)» хабарын естігенше бір немесе бірнеше рет түртіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Теледидарға тек бір динамикті қосу үшін, TV SoundConnect функциясын пайдалануға болады.

(теледидарға бірнеше динамикті қосу үшін «Wi-Fi арқылы Samsung Smart TV құралына қосылу» бөлімін қараңыз.)

2.TV SoundConnect режимін реттеу үшін, MODE түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

3.Теледидарда қосылымды растауды сұрайтын қалқымалы хабар көрсетіледі. Жалғастыру үшін растаңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

Байланыс орнатылғаннан кейін, теледидарды қайта жалғағанда 2 және 3-қадамдарды өткізіп жіберіңіз.

Жаңа теледидар жалғау үшін жоғарыдағы барлық 3 қадамды орындаңыз.

TV SoundConnect (SoundShare) функциясы 2012 жылдан бастап шығарылған бірнеше Samsung TV өнімдерінде қол жетімді болады.

· 12 · Қазақша