Samsung WF90F5E5U4W/LP, WF90F5EGU4W/LP manual Себебі барабанды тот басуы мүмкін

Page 20

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс- аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.

Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді тұтанғыш заттарды құрылғыға шашпаңыз.

Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз.

Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол тигізбеңіз.

Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.

(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

Қалың немесе қатты матрацтарды, затбелгісінде ''кір жуғыш машинамен жууға болады'' деп көрсетілсе де жумаңыз. Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға, еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.

Еден сүрткіштерді немесе резеңкемен астарланған аяқ сүрткіштерді жумаңыз. Резеңке астары алынып, барабанға жабысып қалып, су төгуге байланысты ақаулықтар пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса қоспаңыз.

Аққан судың әсерінен электр қатері пайда болуы не адам жарақат алуы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз, себебі ыстық.

Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Қолыңызды жуғыш зат қорапшасына салмаңыз.

Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, жануарлар) салмаңыз.

Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, қалыптан тыс дірілдің себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

Түймешіктерді түйреуіш, пышақ, тырнақ т.с.с. өткір затпен баспаңыз.

Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

Иіс май дүкендерінде сатылатын не массаж салондарында қолданылатын май, крем немесе лосьон тәрізді заттар ластаған кірлерді жумаңыз.

Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағуы мүмкін.

Түйреуіш немесе шаш түйреуіштері тәрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде қалдырмаңыз.

Себебі барабанды тот басуы мүмкін.

Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен тазалаңыз.

Ешқашан темір шөткені қолданбаңыз.

Құрғақ жуғыш затты ешқашан тура қолданбаңыз және құрғақ жуғыш зат тұрып қалған киімдерді жумаңыз, шаймаңыз не айналдырмаңыз.

Себебі майдың тотықтануына байланысты кенет жарылыс шығуы немесе тұтануы мүмкін.

Су салқындататын/қыздыратын құрылғылардың ыстық суын қолданбаңыз.

Кір жуғыш машинада ақау пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинада кәдімгі қол сабынды қолданбаңыз.

Егер батталып, кір жуғыш машина ішінде жиналып қалса, ақау пайда болуы, құрылғының өңі кетуі, тот басуы не жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Нәски, төс тартқыш тәрізді заттарды кір жуатын торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз. Төсек жайма тәрізді үлкен заттарды кір жуатын торға салып жумаңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.

Казақ - 9

01 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

F500E-03367T-00_KK.indd 9

6/23/2016 2:23:43 PM

Image 20
Contents Перед использованием устройства прочтите все инструкции Важные сведения по технике безопасностиВажные значки безопасности Важные меры предосторожности Предупреждение Важные Предупреждения при установке Не допускайте спутывания или перекручивания кабеля питанияВнимание Будьте Внимательны при установке Предупреждение Важные Предупреждения при использованииВнимание Будьте Внимательны при использовании Русский Не используйте натуральное мыло для рук в стиральной машине Инструкции для WeeeПредупреждение Важные Предупреждения при очистке Що потрібно знати про інструкції з техніки безпеки Важливі символи з техніки безпекиВажливі застереження з техніки безпеки ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо встановлення УВАГА. Застереження щодо встановлення ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо використанняУВАГА. Застереження щодо використання Українська ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо чищення Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білу керекМаңызды қауіпсіздік белгілері Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер Ескерту Орнатуға қатысты қатаң Ескертулер Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек Абай Болыңыз Орнатуға қатысты ЕскертулерЕскерту Пайдалануға қатысты қатаң Ескертулер Абай Болыңыз Пайдалануға қатысты Ескертулер Себебі барабанды тот басуы мүмкін Еэжэқ ескертулері Ескерту Тазалауға қатысты қатаң ЕскертулерXavfsizlikka oid ma’lumotlar Muhim xavfsizlik belgilariTexnika xavfsizligi boyicha muhim choralar Ogohlantirish Ornatishga oid muhim Ogohlantirishlar Bu elektr toki urishi yoki yonginga olib kelishi mumkinDiqqat Ornatishga oid Ogohlantiruvchi Malumotlar Ogohlantirish Foydalanishga oid muhim OgohlantirishlarDiqqat Foydalanishga oid Ogohlantiruvchi Malumotlar Bu kuyish yoki jarohat olishga sabab bolishi mumkin Bu barabanning zanglanishiga olib kelishi mumkinWeee belgisiga oid korsatmalar Ogohlantirish Tozalashga oid muhim Ogohlantirishlar
Related manuals
Manual 184 pages 45.54 Kb