байланыстар
ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ
Осы құрылғыны қабырға кронштейннің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.
Орнатудың сақтық шаралары
•Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
•Орнату үшін температурасы немесе ылғалдығы жоғары жерді не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
•Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса. қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
•Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз. Мүмкін болса бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
•Құрылғын қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
•Орнатпас бұрын құрылғының сөніп жəне ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Əйтпесе, электр тогы соғуы мүмкін.
1. Қабырға кронштейнін қабырға бетіне қойып, оны екі бұрандамен бекітіңіз. Құрылғыны теледидардан төмен іліп жатсаңыз, көрсеткі () теледидардың ортасына қойылатындай етіп қабырғаға орнату кронштейнін міндетті түрде орнатыңыз.
2. Екі ҰСТАҒЫШ БҰРАНДАЛАРДЫ (бұранда ұстағыштар) НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ сол жағы жəне оң жағы бойынша бұранда тесіктерімен туралаңыз да, оларды жинақтағы бұрандамен негізгі құрылғыға бекітіңіз.
3. Құрылғыны қабырға кронштейнінің тиісті ұяларына салыңыз. Орнату қауіпсіз болу үшін бұрандалар ұялардың төменгі бөлігіне түскенін қадағалаңыз.
4. Орнату аяқталды.
2 дюйм (5 см) немесе көбірек
Орнатылған құрылғының үстіне еш нəрсе ілмеңіз жəне оның соғылмауын немесе түсіп қалмауын қадағалаңыз.
Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол өнім жұмысының ақаулығын тудыруы мүмкін.
Құрал қабырғаға орнатылып болған соң, баланың жалғанған кабельдерді тартпауын қадағалаңыз, бұл құрылғының құлап кету қаупін тудырады.
Қабырғаға орнатылған құрылғы оңтайлы жұмыс істеуі үшін динамиктерді теледидардан кем дегенде 2 дюйм (5 см) қашыққа қойыңыз.
Өнімді қабырғаға бекітпесеңіз, қауіпсіздік мақсатында оны құламайтын, қауіпсіз, тегіс бетке қойыңыз.
10