кір жуу
Жаңа Samsung кір жуғыш машинасын қолданғанда, тек кірдің қайсысын қайсысынан кейін жуу керек деген мәселеден басқа ешбір мәселе қалмайды.
Ең алғаш рет кір жуу
Ең алғаш рет кір жууды бастар алдында, бос циклді (ешбір кір салмай) орындау қажет.
1.Power (Қуат) түймешігін басыңыз.
2.Жуғыш зат тартпасындағы бөлікке аздаған жуғыш
заттан салыңыз.
3. Кір жуғыш машинаға су құйыңыз.
4.Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.
Бұл зауытта өткізілген сынақ кезінде машинада қалып қоюы мүмкін суды кетіреді.
Бөлік : Алдын ала жуғыш зат, немесе крахмалға арналған.
Бөлік : Негізгі жуу цикліне арналған жуғыш затқа, суды жұмсартқышқа, алдын ала жұмсартқыш затқа, крахмал және дақ кетіргішке арналған.
Сұйық жуғыш затты қолдану үшін сұйық жуғыш затқа арналған қорапшаны (тиісті үлгілерді нұсқаулықтың
Бөлік : Қосымшаларға, мысалы мата жұмсартқыш немесе қалыптастырғышқа арналған (астыңғы жиегінен асырмаңыз,
Негізгі нұсқаулар
1.Кірді кір жуғыш машинаға салыңыз.
Кір жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Әр кірдің салынатын мөлшерін ЕСКЕРТУ
• Кір машина есігіне қыстырылып қалмасын, себебі су ағып кетеді.
•Жуу циклі аяқталғаннан кейін, жуғыш зат алдыңғы жақтағы резеңке бөлікке тұрып қалуы мүмкін. Жуғыш заттың қалдығын тазалаңыз, себебі су ағуы мүмкін.
•Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда немесе қызып тұрғанда есіктің шынысына қол тигізбеңіз.
•Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш зат үлестіргішті немесе қоқыс сүзгісін ашпаңыз, ыстық су немесе бу шалып кетуі мүмкін.
•Су өткізбейтін заттарды, сыртқы киімдерге күтім көрсетуге арналған бағдарламадан басқа қалыпты цикл бойынша жумаңыз.
2.Есікті әбден жабыңыз.
3.Қуатты қосыңыз.
4.Жуғыш зат пен қосымшаларды үлестіргіш қорапшаға салыңыз.
5.Кірге лайық цикл мен параметрлерді таңдаңыз.
Жуу индикаторының шамы жанады да, бейнебетте циклдің уақыты есептеліп көрсетіледі.
6.Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.
жір к Көп02
уу