Samsung UE65JS9000TXRU, UE55JS9000TXRU manual Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

Page 46

Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

(ТД-ды пайдалану алдында осы Қауіпсіздік нұсқауларын оқуыңызды сұраймыз.)

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.

Бұл таңба құрылғының ішінде жоғары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы құрылғының кез келген ішкі бөлшегіне қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.

Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.

-- Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.

-- Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.

-- Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн, т.с.с.) қасына қоймаңыз. Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Қоқысқа тастау немесе қайта өңдеуге қатысты ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.

Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.

Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғығаға зақым келуден сақтайды.

АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.

Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.

Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.

Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.

Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТД-ды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.

-- Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

ТД-ды шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар жерге немесе 24 сағат жұмыс істейтін әуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып ақпарат алыңыз. Бұлай істемегенде, ТД-ға елеулі нұқсан келуі мүмкін.

Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.

-- Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.) Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Розетка мен қуат ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.

Керек-жарақтарын (батарея, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.

Құрылғыны орнықсыз тұрған сөреге немесе көлбеу еденге немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Егер құрылғыға зақым келсе, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.

Бұл құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды. Батареяларды отқа тастамаңыз.

Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.

Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына дәл осындай немесе балама батареяны салыңыз.

ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІ БАР ЗАТТАРДАН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

*Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасына алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Казақ - 2

Image 46
Contents Руководство пользователя Предупреждение. Важные указания по Безопасности РусскийКабель питания Что входит в комплект?Samsung Smart Control & Батареи AA, 2 шт Руководство пользователяИспользование контроллера телевизора Подключение ТВ-камерыИзменение уровня громкости Переключение канала Пульт Samsung Smart ControlУстановка батарей в пульт Samsung Smart Control Return Возврат к предыдущему меню или каналуПроводное сетевое соединение Подключение к сетиБеспроводное сетевое соединение 10 Мбит/с и нижеОписание кнопок основного экрана электронного руководства Электронное руководство e-ManualИсходная настройка Обновление электронного руководства до последней версииУстранение неисправностей и обслуживание Поиск и устранение неисправностейПредупреждение относительно неподвижных изображений Датчик экономного режима и яркость экранаОчистка поверхности телевизора Характеристики набора для настенного крепления Vesa Установка телевизораМонтаж телевизора на стене Установка настенного крепленияУкладка кабелей Обеспечение достаточной вентиляции для телевизораМеры предосторожности Крепление телевизора к стене Крепление телевизора к подставкеПредотвращение падения телевизора Технические характеристики Технические характеристики и прочая информацияУменьшение потребления электроэнергии Лицензии Рекомендация только для стран ЕСРежим ожидания This page is intentionally Left blank UE48JS9000T UE55JS9000T UE65JS9000T Risk of Electric Shock do not Open EnglishWhats in the Box? Regulatory Guide Not available in some locations Power CordWall mount Adapter Remote control sensor Using the TV ControllerTV Camera Connection Alkaline batteries are recommended for longer battery life Installing batteries into the Samsung Smart ControlSamsung Smart Control Network Connection Wireless Connecting to a NetworkPairing the TV to the Samsung Smart Control Network Connection WiredAccessing the associated e-Manual topic from a menu screen Initial setupAccessing the associated menu screen from an e-Manual topic E-ManualTroubleshooting and Maintenance TroubleshootingStill image warning Eco Sensor and screen brightnessCaring for the TV Installing the wall mount kit TV InstallationVesa wall mount kit notes and specifications Mounting the TV on a wallArranging the cables When installing a stand When installing a wall mount kitProviding proper ventilation for your TV Attaching the TV to the Stand Safety Precaution Securing the TV to the wallPreventing the TV from falling Specifications Specifications and Other InformationDecreasing power consumption Licences Recommendation EU OnlyПосібник користувача Увага! Важливі інструкції з техніки безпеки УкраїнськаЩо в упаковці? Цього екрана УкраїнськаДоступ до меню Робота з контролером телевізораПід’єднання камери для телевізора Кнопка управлінняВстановлення батарей у пульт Samsung Smart Control Регулювання гучності Перемикання каналівПід’єднання до мережі бездротове з’єднання Під’єднання до мережі’єднання в пару телевізора і пульта Samsung Smart Control Під’єднання до мережі дротове з’єднанняПочаткове налаштування Електронний посібникОновлення електронного посібника до найновішої версії Усунення несправностей та обслуговування Усунення несправностейПопередження щодо нерухомого зображення Екодатчик і яскравість зображенняДогляд за телевізором Монтування телевізора на стіні Встановлення телевізораМонтування комплекту настінного кріплення Упорядкування кабелів Забезпечення належної вентиляції для телевізораЗаходи безпеки кріплення телевізора на стіні Встановлення телевізора на підставціВказівки щодо запобігання падінню телевізора Характеристики Технічні характеристики та інша інформаціяЗменшення споживання електроенергії Ліцензії Рекомендації лише для ЄСПайдаланушы нұсқаулығы ҮлгісіСериялықЕскерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар Samsung Smart Control & Батареялар AA x Қорап ішінде не бар?Аудио Шығыс адаптері Smart Hub ашылады ТД басқарушысын қолдануТД камерасын жалғау Мәзірді ашылады ТД-ды сөндіредіSamsung Smart Control құралы Samsung Smart Control құралына батареяларды орнатуЖелілік байланыс Сымсыз Желіге қосылуТД-ды Samsung Smart Control құралымен жұптастыру Желілік байланыс Сым арқылыЭл. нұсқаулықтың тақырып бетінде ұсынылған тақырыпқа өтіңіз Эл. нұсқаулықПараметрлерді бастапқы орнату Кейбір мәзір экрандарынан эл. нұсқаулыққа кіру мүмкін емесАқаулықты түзету және жөндеу Ақаулықты түзетуҚимылсыз суретке қатысты ескерту Эко сенсор және экранның жарықтылығыТД-ды күтіп ұстау ТД-ды орнату ТД-ды қабырғаға орнатуСымдарды реттеп орнату ТД-ды дұрыс желдетуТД-ды тұрғыға бекіту Сақтық шарасы ТД-ды қабырғаға бекітуТехникалық параметрлері Лицензиялар Ұсыныс тек ЕО үшін ғанаКүту режимі BN68-07184H-00 Связывайтесь с Samsung по всему миру
Related manuals
Manual 2 pages 9.53 Kb Manual 197 pages 44.07 Kb Manual 197 pages 50.84 Kb