БАЙЛАНЫСТАР
СЫМСЫЗ САБВУФЕРГЕ ҚОСЫЛУ
Сабвуфердің байланыс идентификаторы (ID) зауытта алдын ала орнатылады, сондықтан негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқан кезде олар автоматты түрде (сымсыз қосу) байланысуы керек. Егер негізгі құрылғы мен сабвуферді қосылған кезде Link ( ) көрсеткіші жанбаса, идентификаторды төмендегі процесті орындау арқылы орнатыңыз.
1.Негізгі құрылғы және сабвуфердің қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
2.Сабвуфердің артқы жағында орналасқан ID SET түймесін шағын өткір затпен 5 секунд басып тұрыңыз.
•STANDBY (Күту режимі) көрсеткіші өшірулі болады, ал LINK (Байланыс) көрсеткіші (Көк ЖШД) тез жыпылықтайды.
3.Негізгі құрылғы өшіп тұрған кезде (STANDBY (Күту) режимінде тұрғанда) қашықтан басқару құралындағы MUTE ( ) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.
4.ID SET хабары Soundbar дисплейінде пайда болады.
5.Байланысты аяқтау үшін, сабвуфердегі Көк ЖШД жыпылықтап тұрғанда негізгі құрылғының қуатын қосыңыз.
•Енді негізгі құрылғы мен сабвуфер байланысуы (қосылуы) тиіс.
•Сабвуфердегі Link (Байланыс) көрсеткіші (Көк ЖШД) қосулы болуы тиіс.
•LINK (Байланыс) көрсеткіші үздіксіз көк болып жанбаса, байланыстыру процесінің орындалмағаны. Негізгі құрылғыны өшіріп,
•Дыбыс әсерін таңдау арқылы сымсыз сабвуферден дыбысты жақсырақ естуге болады.
KAZ
13