Samsung SWA-8000S/RU manual Абайлаңыз

Page 14

Ток өткізгіш сымдардың бірінің үстіне бірі жүрмейтіндей немесе үстіне немесе оларға қарсы қойылған элементтер қыспайтындай орналастырыңыз. Ашаның ұшындағы, қабырға розеткаларындағы сымдарға және қабырғадан шығатын жердегі нүктелеріне ерекше назар аударыңыз.

Осы өнімді найзағайдан қорғау үшін немесе ұзақ уақыт бойы қараусыз және пайдаланбаған кезде оны қабырға розеткасынан ажыратыңыз және антеннаны немесе кабель жүйесін де ажыратыңыз. Бұл найзағайдан және желідегі кернеудің көтерілуінен болатын зақымдардың алдын алады.

Айнымалы қуат сымын тұрақты ток адаптер розеткасына жалғамас бұрын тұрақты ток адаптерінің кернеу көрсеткіші жергілікті электр жабдығына сәйкес келетінін тексеріңіз.

Осы өнімнің ашық бөліктеріне ешқандай металл нәрселер салмаңыз. Бұл ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.

Ток соғу қаупінің алдын алу үшін өнімнің ішкі бөлігін ешқашан ұстамаңыз. Өнімді білікті маман ғана ашуы қажет.

Қуат кабелін жалғағанда толығымен енгізілгенін тексеріңіз. Қуат кабелін қабырға розеткасынан ажыратқан кезде әрқашан қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз. Қуат кабелінен ұстап ешқашан ажыратпаңыз. Қуат кабелін ылғал қолмен ұстамаңыз.

Егер құрал қалыпты жұмыс істемесе, әсіресе, әдеттен тыс дыбыс естіліп, иіс шықса, оны тез арада ажыратып, өкілетті дилерге немесе қызмет көрсету қызметіне хабарласыңыз.

Өнімнің сыртқы күтімі.

-Бұл өнімге басқа құрамдас бөліктерді жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

Егер өнім қолданылмаса немесе үйден ұзақ уақытқа шығып бара жатсаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратқаныңызды тексеріңіз (әсіресе, үйде балалар, қарт немесе мүгедек адам жалғыз қалған жағдайда).

-Жиналған шаңның ток соғу, электрдің жылыстау немесе өрт қаупіне әкелуі мүмкін, нәтижесінде қуат кабелінен ұшқын шығуы және қызуы немесе изоляцияның төмендеуі мүмкін.

Өнімді өте шаңды, температурасы жоғары немесе төмен, ылғалдылығы жоғары, химиялық заттары бар орынға немесе күніне 24 сағат бойы жұмыс істейтін әуежай, пойыз станциясы, т.б. секілді орынға орнатқыңыз келсе, ақпарат алу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Толық ақпарат алмай орнатсаңыз, өнімнің ауыр зақымдалуы мүмкін.

Дұрыс орнатылған аша мен қабырға розеткасын ғана пайдаланыңыз.

-Дұрыс орналастырмасаңыз, ток соғуы немесе жабдықтың зақымдалуы мүмкін. (l класс жабдығы ғана.)

Өнімді толығымен өшіру үшін оны қабырға розеткасынан ажырату қажет. Сондықтан қабырға розеткасы мен қуат кабелі барлық уақытта оңай қолжетімді болуы қажет.

Балалардың өнімге асылып тұруына жол бермеңіз.

Қосалқы бөліктерін (батарея, т.б.) балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз орында сақтаңыз.

Өнімді қозғалатын шкаф, еңіс еден секілді тұрақсыз орынға немесе дірілдейтін орынға орнатпаңыз.

Өнімді түсіріп алмаңыз немесе ұрмаңыз. Өнім зақымдалса, қуат сымын ажыратып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құралды тазарту үшін қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратып, құралды жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Балауыз, жанармай, сұйытқыштар, жәндіктерге қарсы құрал, ауа тазартқыштар, жағармайлар немесе тазартқыш құрал секілді ешқандай химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар өнімнің сыртқы бөлігін зақымдауы немесе өнімнің жазуын өшіруі мүмкін.

Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Бірнеше электр құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ!

• ӨРТ ШАШЫРАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ШАМДАР МЕН АШЫҚ ОТЫ БАР БАСҚА ДА ЗАТТАРДЫ ОСЫ ӨНІМНЕН БАРЛЫҚ УАҚЫТТА АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

Өрт немесе ток соғу қаупін азайту

үшін құрылғыға жаңбыр немесе ылғал әсерін тигізбеңіз.

SWA-8000S-RU-KAZ_0704.indd 2

2016-07-04 ￿￿ 3:22:50

Image 14
Contents ДЕТАЛИ, Ремонт Которых Может Электрическим Током НЕ ОткрывайтеВнутри Устройства Отсутствуют Квалифицированному СпециалистуНе подвергайте устройство воздействию дождя Меры предосторожности Важные инструкции по безопасностиАксессуары Технические характеристикиHW-KM36C HW-KM45C Соединение SWA-8000S с устройством SoundbarСовместимые модели Дата выпуска Связывайтесь с Samsung по всему мируКваліфіковані Спеціалісти Електричним СТРУМОМ, НЕ ЗнімайтеОбслуговування Мають Виконувати Попередження Поруч ІЗ Продуктом Свічки Й Інші Джерела Відкритого ПОЛУМ’ЯЗаходи безпеки Важливі інструкції з техніки безпекиАксесуари Технічні характеристикиПідключення SWA-8000S до звукової панелі Soundbar Сумісні моделіЗвязуйтесь з Samsung по всьому світу Жөндетіңіз Ескерту ТОК Соғу Қаупін Азайту ҮшінҚақпағын Немесе Артқы Панелін Абайлаңыз Сақтық шаралары Маңызды қауіпсіздік нұсқауларыКерек-жарақтар Техникалық сипаттамаларыSWA-8000S құрылғысын Soundbar құрылғысына қосу Үйлесімді үлгілерДүниежүзілік Samsung Компаниясына хабарласыңыз