Smart Touch Control пультін қайта жалғау
<Smart Touch Control жұптастыру түймешігі >
Егер Smart Touch Control жұмыс істеуін тоқтатса немесе дұрыс жұмыс істемесе, батареясын ауыстырыңыз, себебі батареяның қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер ақау түзелмесе,
ден
Батарея қуатының төмендегенін ескерту
Smart Touch Control құралын пайдаланып тұрған кезде батареяның қуаты азайып, индикаторы жыпылықтаса, бейнебеттің астыңғы сол жағында келесі ескерту терезесі пайда болады. Егер ескерту терезесі пайда болса, Smart Touch Control батареясын ауыстырыңыз. Ұзақ пайдалану үшін сілті батареяларын пайдаланыңыз.
Батареяларды салу (AAA X 2)
1 | 2 | 3 |
1.Пластик картаны пайдаланып, батареяның қақпағын шамалы көтеріңіз. Содан кейін, қақпақтың кертігін тырнағыңызбен көтеріп, қақпақты әбден алыңыз.
✎✎ Батарея қақпағының кертігі орналасқан жерді тексеріңіз. Қақпақтың кертігі орналасатын жер құрылғымен бірге жеткізілген Smart Touch Control пультінің түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
2.2 AAA батареяларының оң және теріс полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
3.Батареяның қақпағын қашықтан басқару пультінің арт жағына келтіріп, шеткі жақтары қашықтан басқару пультіне әбден кіріккенше басыңыз.
Сенсорлық тақтаны пайдалану
Сенсорлық тақтаны әр түрлі функцияларды орындау үшін пайдаланыңыз. Smart Touch Control құралын пайдалануға қатысты бейнебеттегі нұсқаулықты қарау үшін Оқулық (Бейнебет мәзірі > Жүйе > Құрылғы менедж. > Smart Touch Control параметрлері > Оқулық) функциясына барыңыз.
Сүйрету
Сенсорлық
Сенсорлық тақта үстімен қалаған бағытқа жылжыңыз.
Кезелімді немесе меңзерді саусағыңыз жылжыған бағытпен
жылжытады.
Сенсорлық тақтаны басыңыз. Сонда кезелімдегі элемент
таңдалады.