Пайдалану (Жалғасы)
Пайдалану (Жалғасы)
■Пісіру панелінің қасына тез тұтанатын заттарды қоюға болмайды.
■Жұмыс істеп тұрған панельге жақын жерде аэрозольдерді пайдалануға болмайды.
■Құралды əр кез пайдаланғаннан кейін, газ құбырындағы бекіту вентилі жабық тұруы керек.
■Тез бұзылатын өнімдер, пластикалық заттар, аэрозольдар жоғары температура əсерінен бүлінулері мүмкін. Сондықтан оларды пісіру панелінің жоғарғы жағында немесе оның жанында сақтауға
болмайды.
■Пісіру панелі пайдаланылмаған кезде, құралдың барлық тұтқалары «өшіру» жағдайында болуы керек.
■Электр сымдары бүлінген жағдайда, қауіпсіздік үшін оны өндіруші агент немесе сəйкес мамандалған тұлғалар сымдарды ауыстырулары
керек.
Назар аударыңыз
■Берілген пісіру панелі тек үй жағдайында тамақ дайындауға ғана арналған. Ол коммерциялық немесе өндірістік мақсаттарға пайдалануға арналмаған.
■Пісіру панелін ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда, қосымша желдетулер қажет болуы мүмкін. Мысалы терезелерді ашу немесе жасанды желдету қолданылса, желдету интенсивтілігін арттыру.
■Ыстық ыдыстарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде ыстыққа төзімді ұстағыштар немесе қолғаптар пайдалану керек.
■Ұстағыштар мен қолғаптардың су болмауын қадағалаңыз. Себебі, дымқыл материалда жылу өткізгіштік жоғарылайды. Соның салдарынан күйіп қалуыңыз мүмкін.
■Конфоркаларды тек оған ыдысты қойғаннан кейін ғана пайдаланыңыз. Іші бос ыдыстарды қыздыруға болмайды.
■Пісіру панелінде пластикалық ыдыстарды жəне алюминийлі фальгадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болмайды.
■Басқа да электр құралдарын пайдаланған кезде олардың электр сымдарының пісірупанелінің бетіне тимеуіне көз жеткізіңіз.
■Егер сіздің ағзаңызға қандай да бір медициналық құрал орнатылған болса, мысалыкардиостимулятор, онда пісіру панелін пайдаланар алдында дəрігерден кеңес алыңыз.
■Панельден ыдысты алған кезде, ұстағыштардың ашық от жалынына тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
■Сүлгілер немесе басқа да үлкен көлемді материалдарды ұстағыш ретінде пайдалануға болмайды.
■Ондай заттар конфоркаға жақындағанда жанып кетуі мүмкін.
■Шыны ыдыстарды қолданған кезде, оның пісіру панелінде қолдануға арналғандығына көз жеткізіңіз.
■Күйіп қалмау үшін, жеңіл тұтанатын заттардың жанып кетпеуі үшін, ыдыстың тұтқасын көршілер конфоркалардан алшақ, панельдің сыртына қарай немесе ортасына қарай бұрып қою керек.
■Ыдысты пісіру панелінен алмас бұрын, ең алдымен конфоркаларды өшіріңіз.
■Қатты жалында қуырылатын тамақты əр уақытта бақылап отыру керек.
■Майларды біртіндеп қыздыру керек жəне қуырылатын тағамдар неғұрлым құрғақ болғаны дұрыс. Мұздатылған өнімдердегі мұз шықтары мен су тамшылары ыстық майда қайнап, ыдыстың сыртына шашырауы мүмкін.
■Ыстық майы бар ыдыстарды басқа орынға ауыстыруға тырыспаңыз. Май суығанғадейін күтіңіз.
8 |
| 9 |