Samsung Smart Home қолданбасы
Samsung Smart Home қолданбасын жүктеп алу
1.Samsung Smart Home қолданбасын Google Play Store (Android құрылғылары) немесе Apple AppStore (iOS құрылғылары)
қолданбаларынан жүктеп алыңыз. Қолданбаны табу үшін “Samsung Smart Home” кілтсөзін пайдаланыңыз.
2.Қолданбаны смарт құрылғыңызға орнатыңыз.
Ескертпе
ff Samsung Smart Home қолданбасы Android 4.0 (ICS) немесе жаңарақ нұсқасын қажет етеді және Android 4.4 немесе жаңарақ нұсқасы үшін Samsung смартфондарында (Galaxy S және Note топтамасы) бейімделеді. Қолданбаның кейбір функциялары үшінші тараптардың смартфондарында жұмыс істемеуі мүмкін.
ff iOS үлгілерінде қолданба iOS 7 немесе жаңарақ нұсқасын талап етеді.
ff Samsung Smart Home қолданбасы пайдаланылуы мен жұмыс өнімділігін жақсарту мақсатында ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Құрылғыны тіркеу (Оңай орнату)
Samsung Smart Home қолданбасын пайдаланбай тұрып, құрылғыны Samsung Smart Home қызметіне тіркеңіз.
Android
1.Құрылғыны тіркей бастау үшін Samsung Smart Home қолданбасының құрылғы тізімі экранындағы Жаңа құрылғы қосу түймесін басыңыз.
2.Робот шаңсорғыш белгісін таңдаңыз.
3.Қосылатын сымсыз роутердің деректерін енгізіңіз.
4.POWERbot шаңсорғышын экрандағы нұсқауларға сай орнатыңыз.
5.Сонда тіркеу автоматты түрде орындалады.
6.Тіркеу аяқталғанда хабар көрінеді.
7.Құрылғыны тіркеп болғаннан кейін, Samsung Smart Home қолданбасының негізгі экраны көрінеді. ✻✻Құрылғыны тіркеу сәтсіз аяқталса,
iOS
1.Samsung Smart Home қолданбасын іске қосыңыз...
2.Сол жақ экранға өтіп, құрылғыны тіркей бастау үшін құрылғы тізімі экранындағы Жаңа құрылғы қосу белгісін басыңыз.
3.Samsung тіркелгісі деректерін енгізіп, [Sign in] түймесін басыңыз.
4.[Robot Vacuum] белгісін таңдаңыз.
5.Қашықтан басқару пультінің сағат түймесін 5 секундтан астам басыңыз.
6.iPhone Параметрлер қолданбасын қосып, содан кейін тізімдегі [Robot Vacuum] Samsung робот шаңсорғышына қосылыңыз.
7.Қосқыңыз келген сымсыз роутердің идентификаторы мен құпия сөзін енгізіп, содан кейін [Next] түймесін басыңыз.
8.Смартфон мен робот шаңсорғыш арасында байланыс орнауда.
9.iPhone Параметрлер қолданбасын қосып, содан кейін
10.Сымсыз роутер мен робот шаңсорғыш арасында байланыс орнауда.
11.Құрылғыны тіркеп болғаннан кейін, хабар көрінеді.