Philips SCH540 manual Қазақша, Қауіпті, Ескерту, Сақтандыру

Models: SCH540

1 114
Download 114 pages 17.9 Kb
Page 31
Image 31

Қазақша 31

2Бұл белгі IEC60601-1 ге сәйкес келетін BF қолданған бөлікті анықтайды (Cурет 2).

Қауіпті

-Емізікке сым немесе лента байламаңыз, сіздің нәрестеңіз қылқынып қалуы мүмкін.

-Қақалып қалудан сақ болу үшін, емізік ұшын қорғауға арналған қақпақты нәрестеден алшақ сақтаңыз.

-Әр қолданар алдында емізікті жақсылап тұрып тексеріп алыңыз, әсіресе нәрестеңіздің тістері бар болса. Емізікті барлық бағыт бойынша тартып қараңыз. Егер тозған немесе зақымдалған белгісі пайда болған олса, бірден лақтырып тастаңыз.

Ескерту

-Емізік термометірдің өлшеу бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Өлшеу бөлікті қайнатуға немесе зарарсыздандыруға болмайды.

-Нәрестеңіздің температурасын емзік термометрімен немесе құбылмалы ұшы бар термометрімен өлшеп жатқанда оны қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

-Термометрмен әлсіз, сезімталдығы мен ақыл ой кемталдығы бар, немесе ақылы мен тәжірибесі жеткіліксіз (жас балаларды қоса) адамдарға қолдануға болмайды. Олар қолданып жатқанда міндетті түрде олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қадағалап тұруы керек немесе қолдану барысы жөнінде нұсқау беруі тиіс.

-Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

-Денсаулыққа зиян тигізбес үшін, емізік термометр өлшеу бөлігін жеке қолданбаңыз.

-Емізік термометрін әдеттегі емізік орнына қолдануға болмайды.

-Егер батарея орнының қақпағын ашқан болсаңыз, олар орнына дұрыстап жабылуы тиіс. Егер олар босап кеткен болса, нәрестеңіз қақалып қалуы мүмкін.

Сақтандыру

-Қаупсіздік және тазалық мақсатпен, біз сізге әдеттегі емізікті 4 аптадан соң алмастырыңыз деп кеңес береміз.

-Қолданып болған сайын емізік ұшын ұстағыш және қорғау қақпағын және емізік термометірін зарарсыздандырыңыз немесе қайнатыңыз («Тазалау» тармағын қараңыз).

Page 31
Image 31
Philips SCH540 manual Қазақша, Қауіпті, Ескерту, Сақтандыру