ЕСКЕРТПЕ ▪▪ Дыбыс кабелі электр қуаты кабеліне тым жақын орналасқан жағдайда, шу пайда болуы мүмкін.

▪▪ AV ресиверге жалғау керек болса, AV ресиверге қосылу бөлімін қараңыз.

▪▪ Кіріс ұяларының саны мен орындары теледидарға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

!!▪▪ЕСКЕРТУОйнатқышты теледидарға VCR арқылы жалғамаңыз. VCR ұялары арқылы берілетін бейне сигналдарына авторлық

құқықты қорғау жүйелері әсер етіп, соның нәтижесінде теледидардағы кескін бұрмаланып көрсетілуі мүмкін.

B. Дыбыс жүйесіне жалғау

AV ресиверді қосқан кезде дыбыс деңгейін азайтып қойыңыз. Кенет шыққан қатты дыбыс динамиктер мен құлаққа зақым келтіруі мүмкін.

Дыбыс сигналдарының шығыс пішімін AV ресивердің мүмкіндіктеріне сай орнатыңыз.

HDMI кіріс ұяларының орналасуы AV ресиверге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. AV ресивердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

1-жағдай: дыбыс жүйесіне (HDMI қолдайтын AV ресивер) жалғау - Ең жақсы сапа (Ұсынылады)

1.HDMI кабелін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI OUT ұясын AV ресивер HDMI IN ұясына жалғаңыз. (11 беттерді қараңыз)

2.HDMI кабелін пайдаланып AV ресивердің HDMI OUT ұясын теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

3.Ойнатқышты, теледидарды және AV ресиверді қосыңыз.

4.Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін, AV ресивер мен теледидардың кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. AV қабылдағышындағы дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін, AV қабылдағышының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз..

2-жағдай: дыбыс жүйесіне (Dolby Digital немесе DTS декодері бар AV ресивер) жалғау - Жақсырақ сапа

1.Коаксиалды кабельдің көмегімен ойнатқыштың артындағы DIGITAL AUDIO OUT (Коаксиалды) ұясын AV ресивердегі DIGITAL AUDIO IN (Коаксиалды) ұясына жалғаңыз. (11 беттерді қараңыз)

2.Бейне сигналының кабел(ьдер)ін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI,VIDEO OUT ұяларын теледидардың HDMI, VIDEO IN ұяларына жалғаңыз.Ойнатқышты, теледидарды және AV ресиверді қосыңыз.

3.Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін AV ресивердің кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. AV ресивердің дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін, AV ресивердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

4.Бейне көзін (HDMI, Компоненттік немесе Бейне) таңдау үшін, теледидардың қашықтан басқару құралындағы кіріс сигналының таңдағышын басыңыз.

3-жағдай: дыбыс жүйесіне (Стерео күшейткіш) жалғау - Жақсы сапа

1.Дыбыс кабельдерінің көмегімен ойнатқыштың артындағы AUDIO OUT (қызыл және ақ түсті) ұяларын стерео күшейткіштің AUDIO IN (қызыл және ақ түсті) ұяларына жалғаңыз. (11 беттерді қараңыз)

2.Бейне сигналының кабел(ьдер)ін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI, VIDEO OUT ұяларын теледидардың HDMI, VIDEO IN ұяларына жалғаңыз.

3.Ойнатқышты, теледидарды және стерео күшейткішті қосыңыз.

4.Ойнатқыштың дыбысын шығару үшін, стерео күшейткіштің кіріс сигналын таңдау түймесін басып сыртқы кіріс сигналын таңдаңыз. Стерео күшейткіш дыбысының кіріс сигналын орнату үшін, стерео күшейткіштің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

5.Бейне көзін (HDMI, Компоненттік немесе Бейне) таңдау үшін, теледидардың қашықтан басқару құралындағы кіріс сигналының таңдағышын басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

▪▪ 2-жағдайда сипатталған сандық дыбыс байланысы пайдаланылған жағдайда, дыбыс тек алдыңғы динамиктерден шығып, «Цифровой выход» параметрі PCM күйіне орнатылады.

C. Желіге қосылу

Бұл ойнатқыш BD-LIVE сияқты желіде істейтін қызметтерді, сондай-ақ желіге қосылып тұрғанда бағдарламалық құрал жаңартуларын пайдалануға мүмкіндік береді. Байланыс үшін Кең жолақты байланыс модемі (маршрутизаторы ішіне орнатылған) немесе IP маршрутизаторын пайдалану ұсынылады. Маршрутизатор байланыстары туралы қосымша ақпаратты маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз немесе техникалық көмек алу үшін маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз.

Кабельдік желі

1. Жергілікті желіге тікелей қосу кабелінің (UTP кабелі) көмегімен ойнатқыштың жергілікті желі ұясын модемнің немесе маршрутизатордың жергілікті желі ұясына жалғаңыз.(11 беттерді қараңыз)

2. Желі опцияларын орнату үшін, 16 беттерді қараңыз. ЕСКЕРТПЕ

▪▪ Қолданылатын маршрутизаторға немесе Интернет провайдерінің саясатына байланысты, Samsung компаниясы шығарған бағдарламалық құрал жаңартуларының серверіне Интернет арқылы кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Интернет провайдеріне хабарласыңыз.

▪▪ DSL пайдаланушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды қолдануы қажет.

10

Page 62
Image 62
Samsung BD-D5100/RU manual Дыбыс жүйесіне жалғау, Жағдай дыбыс жүйесіне Стерео күшейткіш жалғау Жақсы сапа, Желіге қосылу