«Цифровой выход» параметрін дұрыс таңдау керек, әйтпесе ешбір дыбыс шықпайды немесе өте қатты шығады.
HDMI құрылғысы (AV ресивер, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby digital, DTS) үйлесімді болмаса, дыбыс сигналы PCM болып шығады.
Әдеттегі DVD дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі жоқ.
Кейбір Blu-ray дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі жоқ.
Осы сандық шығыс параметрлерін орнату аналогтық (L/R) немесе HDMI дыбыстарының теледидарға шығарылатын сигналына әсер етпейді.
Ойнатқыш AV ресиверге жалғанғанда, оптикалық және HDMI дыбыстарының шығысына әсер етеді.
MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне қарамастан (PCM немесе Битовый поток), дыбыстық сигнал PCM пішімінде беріледі.

*Бастапқы ағым 2 арналы болса, «перекодир. Dolby D» параметрі қолданылмайды. Шығыс сигналы 2 арналы сызықтық импульс-кодтық модуляция болады.

Blu-ray дискілерінде үш дыбыс ағыны болуы мүмкін.

-- Негізгі мүмкіндіктің дыбысы: негізгі мүмкіндіктің дыбыс жолы.

-- BONUSVIEW дыбысы: режиссер немесе актер пікірі сияқты қосымша дыбыс жолы.

-- Навигациялық дыбыс әсерлері: кейбір мәзірлерде жылжу барысында, Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі дыбыс шығаруы мүмкін. Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі әртүрлі Blu-ray дискілерінде әрқалай болады.

ЕСКЕРТПЕ

▪▪

▪▪

▪▪

▪▪

▪▪

▪▪

Субдискретизация PCM

48 кГц және 96 кГц PCM модуляциясын төмен (дискретизация қосулы немесе өшірулі) орнатуға мүмкіндік береді.

• Выкл.: AV ресивер 96 кГц қолдайтын ойнатқышқа жалғанған уақытта таңдаңыз.

• Вкл.: AV ресивер 96 кГц қолдайтын ойнатқышқа жалғанған уақытта таңдаңыз. 96 кГц сигналдары 48 кГц сигналдарына түрлендіріледі.

ЕСКЕРТПЕ▪▪ Субдискретизация PCM параметрі Выкл. күйінде болса да, кейбір дискілер тек субдискретизация жасалған дыбысты сандық оптикалық шығыстары арқылы шығарады.

HDMI

Теледидар қысылған көп арналы пішімдермен (Dolby Digital, DTS) үйлесімді болмаса, параметрлерді орнату мәзірінде Битовый поток (қайта кодталған немесе өңделмеген) параметрі таңдалған болса да, ойнатқыш

2 арналы төмендетілген PCM дыбысын шығарады.

Теледидар 48 кГц-тен жоғары дискретизация жиілігін қолдамаса, Субдискретизация PCM параметрі Выкл. мәніне орнатылған болса да, ойнатқыш дискретизация жасалған 48 кГц PCM дыбысын шығаруы мүмкін.

Упр. динамическим диапазоном

Дыбысты төмендетіп тыңдауға болады, бірақ әңгіме анық естіледі.

Бұл параметр ойнатқыш Dolby Digital сигналын анықтағанда ғана қосылып тұрады.

Авто: «Упр. динамическим диапазоном» параметрі Dolby TrueHD дыбыс жолы қамтамасыз ететін ақпарат негізінде автоматты түрде орнатылады.

Выкл.: Фильмді стандартты динамикалық диапазонда көруге болады.

Вкл.: Фильмдегі музыка төменгі дыбыс деңгейінде немесе кішкене динамиктер арқылы ойнатылғанда, дыбысы төмен мазмұнды айқынырақ ету немесе драматикалық көріністерде дыбыстың тым қатты шықпауын қамтамасыз ету үшін, жүйе дыбысты қысуы мүмкін.

Режим смешивания звуковых каналов

Ойнатқыштың көп арналы дыбысты бірнеше арнаға азайту жолын таңдауға мүмкіндік береді.

• Обычное стерео: көп арналы дыбысты екі арналы стерео сигналына түрлендіреді. Dolby Pro Logic сияқты виртуалды көлемді функцияларды қолдамайтын жабдыққа жалғанғанда таңдаңыз.

• Поддержка объемного звука: көп арналы дыбыс сигналын үйлесімді көлемді стерео сигналына төмендетеді. Dolby Pro Logic сияқты виртуалды көлемді функцияларды қолдайтын жабдыққа жалғанғанда таңдаңыз.

05 Параметрлерді орнату

Қазақша 31

Page 167
Image 167
Samsung BD-D5500K/RU, BD-D5300/RU, BD-D5300K/RU manual Субдискретизация PCM, Blu-ray дискілерінде үш дыбыс ағыны болуы мүмкін