B. Дыбыс жүйесіне жалғау

C. Желіге қосылу

AV ресиверді қосқан кезде дыбыс деңгейін азайтып қойыңыз. Кенет шыққан қатты дыбыс динамиктер мен құлаққа зақым келтіруі мүмкін.

Дыбыс сигналдарының шығыс пішімін AV ресивердің мүмкіндіктеріне сай орнатыңыз.

HDMI кіріс ұяларының орналасуы AV ресиверге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. AV ресивердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Бұл ойнатқыш BD-LIVE сияқты желіде істейтін қызметтерді, сондай-ақ желіге қосылып тұрғанда бағдарламалық құрал жаңартуларын пайдалануға мүмкіндік береді. Байланыс үшін Кең жолақты байланыс модемі (маршрутизаторы ішіне орнатылған) немесе IP маршрутизаторын пайдалану ұсынылады. Маршрутизатор байланыстары туралы қосымша ақпаратты маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулы ғынан қараңыз немесе техникалық көмек алу үшін маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз.

1-жағдай: дыбыс жүйесіне (HDMI қолдайтын AV ресивер) жалғау

— ең жоғары сапа (ұсынылады)

1.HDMI кабелін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI OUT ұясын AV ресивер HDMI IN ұясына жалғаңыз. 11 беттерді қараңыз.

2.HDMI кабелін пайдаланып AV ресивердің HDMI OUT ұясын теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

3.Ойнатқышты, теледидарды және AV ресиверді қосыңыз.

4.AV ресивері мен теледидардың кіріс көзін таңдау түймесін пайдаланып дыбысы тыңдалатын және бейнесі көрілетін ойнатқыштың тиісті HDMI кірісін таңдаңыз., AV қабылдағышының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

2-жағдай: дыбыс жүйесіне (Dolby Digital немесе DTS декодері бар AV ресивер) жалғау – жақсырақ сапа

1.Coaxial кабельдің көмегімен ойнатқыштың артындағы DIGITAL AUDIO OUT (COAXIAL) ұясын AV ресивердегі DIGITAL AUDIO IN (COAXIAL) ұясына жалғаңыз. 11 беттерді қараңыз.

2.HDMI сигналының кабел(ьдер)ін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI, ұяларын теледидардың HDMI ұяларына жалғаңыз.

3.Ойнатқышты, теледидарды және AV ресиверді қосыңыз.

4.Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін AV ресивердің кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. AV ресивердің дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін, AV ресивердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

5.Бейне көзін (HDMI) таңдау үшін, теледидардың қашықтан басқару құралындағы кіріс сигналының таңдағышын басыңыз.

Кабель желісі

1.Жергілікті желіге тікелей қосу кабелінің (UTP) CAT 5 кабелі көмегімен ойнатқыштың жергілікті желі ұясын модемнің немесе маршрутизатордың жергілікті желі ұясына жалғаңыз. 11 беттерді қараңыз

2.Желі опцияларын орнату үшін, 16 беттерді қараңыз.

ЕСКЕРТПЕ

▪▪ Қолданылатын маршрутизаторға немесе Интернет провайдерінің саясатына байланысты, Samsung компаниясы шығарған бағдарламалық құрал жаңартуларының серверіне Интернет арқылы кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Интернет провайдеріне хабарласыңыз.

▪▪ DSL пайдаланушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды қолдануы қажет.

▪▪ AllShare функциясын қолдану үшін, компьютерді желіге суреттегідей жалғау керек. Байланыс сымды немесе сымсыз болуы мүмкін.

10

Page 66
Image 66
Samsung BD-E5300K/RU manual Дыбыс жүйесіне жалғау, Кабель желісі