Осы құрылғыны толық өшіру үшін оны қабырға розеткасынан ажыратуыңыз керек. Сондықтан, қабырға розеткасы мен қуат ашасы барлық уақытта қол жететін жерде болуы керек.

Балалардың құрылғыға асылып тұруына рұқсат бермеңіз.

Қосалқы құралдарды (батарея т.б.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Өнімді босаң сөре, еңіс еден сияқты тұрақсыз жерлерде немесе діріл әсер ететін орында орнатуға болмайды.

німді құлатып немесе соғып алмаңыз. Егер өнім зақымдалса, қуат сымын ажыратыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл құрылғыны тазалау үшін қуат сымын қабырға розеткасынан суырыңыз да, өнімді жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, жәндіктерді жоятын зат, ауа тазартқыштар, майлағыш сияқты химиялық заттарды қолдануға болмайды. Бұл химиялық заттар өнімнің сыртқы түрін бүлдіруі немесе ондағы басылған мәтінді өшіріп тастауы мүмкін.

Бұл құрылғыға ештеңенің тамшылауына немесе шашырауына жол бермеңіз. Өнімнің үстіне құмыра сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Батареяларды отқа тастамаңыз.

Бірнеше электр құрылғыларын бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

Егер қашықтан басқару құралында пайдаланылатын батареяларды батареяның дұрыс емес түрімен ауыстырсаңыз, жарылыс қатері туындайды.

Тек бірдей немесе балама түрдегі батареямен ауыстырыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ – ӨРТ ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН ШЫРАҒДАНДАР МЕН АШЫҚ ЖАНҒАН ОТЫ БАР БАСҚА ЗАТТАРДЫ ӘРҚАШАН ДА ОСЫ ӨНІМНЕН АУЛАҚ ҰСТАҢЫЗ.

АБАЙЛАҢЫЗ – бұл өнімнің ішінде Калифорния штатына қатерлі ісікке немесе репродуктивті функцияның улануына себеп болатын зат ретінде белгілі химиялық заттар бар.

s1-КЛАСТЫ ЛАЗЕРЛІ өнім

Бұл ықшам диск ойнатқышы 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕРЛІ өнім ретінде санатталған. Осы құжатта көрсетілмеген басқа басқару элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды пайдалану аса қауіпті радиациялық сәулелену жағдайларын туындауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ :

БҰЛ ӨНІМДЕ ЕГЕР ТУРА БАҒЫТТАЛСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІ ТУҒЫЗАТЫН КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН ЛАЗЕР СӘУЛЕЛЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. ӨНІМДІ НҰСҚАУЛЫҚҚА СӘЙКЕС ДҰРЫС ҚОЛДАНЫҢЫЗ.

БҰЛ ӨНІМДЕ ЛАЗЕР БАР. ОСЫ ҚҰЖАТТА КӨРСЕТІЛМЕГЕН БАҚЫЛАУ, РЕТТЕУЛЕР НЕМЕСЕ ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ АСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІ ТУҒЫЗУЫ МҮМКІН. ҚАҚПАҚТАРДЫ АШПАҢЫЗ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕҢІЗ. БІЛІКТІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.

Бұл өнімді басқа құрал-жабдыққа қосу үшін қолданылатын экрандалған кабельдер мен қосқыштар СЕ талаптарына сай келеді. Радио және теледидар сияқты электр құрал- жабдықтарында туындайтын электромагниттік кедергінің алдын алу үшін экрандалған кабельдер мен қосқыштарды қолданыңыз.

CLASS 1

LASER PRODUCT

KLASSE 1

LASER PRODUKT

LUOKAN 1

LASER LAITE

KLASS 1

LASER APPARAT

PRODUCTO

LÁSER CLASE 1

Егер Blu-ray дискісінің/DVD дискілерінің аймақтық нөмірі осы өнімнің аймақтық нөміріне сәйкес келмесе, өнім дискіні ойната алмайды.

sМАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ

Осы құрал-жабдықтың сым желісінде сақтандырғышпен бірге құйылған айырша бар. Сақтандырғыш өлшемі айыршаның істікшелі жағында көрсетілген.

Егер оны алмастыру қажет болса, BS1362 өлшеміне сәйкес сақтандырғыш қана қолданылуы тиіс. Сақтандырғыш қаптамасы ашық болған жағдайда, айыршаны ешуақытта пайдаланбаңыз. Сақтандырғыш қаптамасын ауыстыру қажет болса, оның түсі айыршаның істікшелі бетімен бірдей болуы тиіс. Ауыстырмалы қаптамаларды сатушыдан алуға болады.

Егер айырша үйдегі ток көзіне қосуға келмесе немесе кабельдің ұзындығы ток көзіне жетпесе, қауіпсіздік талаптарына сай келетін ұзартқыш электр желісін пайдалану қажет немесе жабдықтаушыдан көмек сұраңыз.

Дегенмен, айыршаны кескеннен басқа амал жоқ болса, сақтандырғышты алып тастап, айыршаны қауіпсіз жойыңыз. Айыршаны ток көзіне жалғамаңыз, себебі ашық сымнан ток соғу қаупі бар.

Аппаратты ток көзінен ажырату үшін, айыршаны ток көзінен суырып алыңыз. Ток көзі бос тұруы қажет. Осы пайдаланушы нұсқаулығымен бірге берілетін құрылғы белгілі бір үшінші тараптардың зияткерлік меншік құқықтары бойынша лицензияланған.

14Қазақша

Page 46
Image 46
Samsung BD-J5500/RU manual Маңызды Ескертпе, Тек бірдей немесе балама түрдегі батареямен ауыстырыңыз