Сақтық шаралары
sМаңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Төменде берілген қауіпсіздік нұсқауларын қадағалаңыз.
Осы пайдалану нұсқауларын болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1.Осы нұсқауларды оқыңыз.
2.Осы нұсқауларды сақтаңыз.
3.Барлық ескертулерге назар аударыңыз.
4.Барлық нұсқауларды орындаңыз.
5.Бұл өнімді суға жақын жерде пайдаланбаңыз.
6.Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
7.Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.
8.Жылу батареялары, жылытқыштар, пештер немесе басқа жылу шығаратын кез келген аппараттардың (соның ішінде, AV ресиверлер) жанына орнатпаңыз.
9.Полярланған немесе жерге қосылатын штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың бірі екіншісінен кеңірек болатын екі істікшесі болады. Жерге тұйықталатын штепсельдік ұштың екі жай және бір жерге тұйықталған істікшесі болады. Кең жақтау немесе үшінші өскін сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Егер қамтамасыз етілген штепсельдік ұш розеткаға келмесе, ескі розетканы ауыстыру мақсатында электр маманына хабарласыңыз.Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз,
10.Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз,
11.Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.
12.Өндіруші көрсеткен немесе құралмен бірге сатылған арба, тұрақ, штатив,
кронштейн немесе үстелді ғана пайдаланыңыз. Арбаны пайдаланған жағдайда, төңкерілудің нәтижесінде туындайтын жарақаттардың алдын алу үшін арба/аппаратты қозғаған кезде қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.
13.Найзағай мен дауылдарда немесе көп уақыт пайдаланбағанда, өнімді ток көзінен ажыратыңыз.
14.Жөндеу қажет болса, тек қана білікті маманға апарыңыз. Ток өткізуші сым немесе аша зақымдануы, сұйықтықтың төгілуі немесе өнімнің үстіне заттардың құлауы, өнімнің жаңбырдың астында немесе ылғалды жерде қалуы, дұрыс жұмыс істемеуі немесе құлауы сияқты кез келген себеппен зақым келгенде өнімді тексерту қажет.
3D функциясын пайдалану
3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.
3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.
•3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін.
Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.
•3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді
тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.
•3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс.
Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, оларды демалдырыңыз.
•3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.) пайдаланбаңыз
•Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдаланса, бірдемеге соғуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
•3D мазмұнын тамашалау үшін, 3D құрылғысын (3D қолдайтын AV ресивер немесе теледидар) жоғары жылдамдықты HDMI кабелінің көмегімен ойнатқыштың HDMI OUT портына жалғаңыз. 3D бейнесін ойнатпас бұрын, 3D көзілдірігін тағып алыңыз.
•Ойнатқыш 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.
•3D ойнату режимінде бейненің ажыратымдылығы бастапқы 3D пішімді бейненің ажыратымдылығына сәйкес орнатылатындықтан, ажыратымдылықты қалау бойынша өзгерту мүмкін емес.
•3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•3D сигналы дұрыс шығу үшін, жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.
•3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта отырыңыз. Мысалы, экранның диагональдық өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 138 дюйм (11,5 фут) алыс отырыңыз.
•3D бейнесі жақсы көріну үшін, 3D бейне экраны көзбен бір деңгейде болуы керек.
•Ойнатқыш кейбір 3D құрылғыларына қосылған болса, 3D әсері дұрыс істемеуі мүмкін.
•Бұл ойнатқыш 2D мазмұнды 3D пішіміне түрлендірмейді.
•