пайдаланушы нұсқаулығын қолдану
SAMSUNG компаниясының кіріктірілген пешін таңдағаныңызға рахмет. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны іске қосуға және күтіп ұстауға көмектесу үшін берілген маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар қамтылған. Пешті іске қосар алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып шығыңыз да, келешекте қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығының мәтінінде келесі белгілер қолданылған:
ЕСКЕРТУ немесе АБАЙЛАУ
Маңызды
Ескерім
сақтық шаралары
Бұл құрылғыны тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны орнатушы оны электр желісіне, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілген тиісті ұсыныстарды орындай отырып жалғауға міндетті.
Электр қауіпсіздігі
Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз.
•Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс.
•Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз.
•Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана жүзеге асыруға тиіс. Жөндеу жұмысы дұрыс орындалмаса, өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін. Егер пешіңізді жөндеткіңіз келсе, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына немесе дилеріңізге хабарласыңыз.
•Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым немесе жинақты, өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығынан сатып алып салу керек.
•Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек.
•Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген
•Техникалық ақпарат тақтайшасы есіктің оң жағында орналасқан.
•Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді тоқ көзінен ажыратыңыз.
•Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз.
•Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының шамын ауыстырар кезде, алдымен оны сөндіру керек, себебі электр тоғының қатерлі әсеріне ұшырауыңыз мүмкін. Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті қатты қызып тұрады.
2_пайдаланушы нұсқаулығын қолдану