Қауіпсіздік

KKБұл құрылғы қолданыстағы техникалық стандарттар мен Германияның

“Құрылғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңына” сай келеді.. Дегенмен, өндіруші

ретінде сіздерді келесі сақтық шараларымен таныстыруды өз міндетіміз деп санаймыз..

Электр қауіпсіздігі

Құрылғыны міндетті түрде білікті электрик орнатып, жерге қосуға тиіс..

Құрылғыны тек білікті қызмет көрсету технигі ғана жөндеуге тиіс.. Құрылғыны тиісті маманы жоқ адамдар жөндесе, жарақат алуы немесе елеулі ақаулық орын алуы мүмкін.. Егер құрылғыңызды жөндеу қажет болса, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.. Бұл нұсқаулар орындалмаса, мүлікке зиян келуі және кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін..

Кіріктіріліп орнатылатын құрылғыларды, тиісті стандарттарға сай келетін қаптама немесе жұмыс алаңына орнатып болғаннан кейін ғана іске қосу керек.. Бұл VDE [Германия электр инженерлері қоғамы] талаптарына сай, электр бөлшектерінің қатерінен толық сақтандыруға мүмкіндік береді..

Егер құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемесе немесе оның бетінде сызат, жарық пайда болса:

-барлық пісіру алаңдарын сөндіріңіз;

-пештің үстін электр желісінен ағытыңыз; және

-жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз..

Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін құрылғыны сөндіріп қойыңыз.. Пештің үстін, оның шыны бетін ауыстырмайынша қолданбаңыз..

Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе алюминий ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз..

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жас бала немесе әлсіз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қарауынсыз, бұл құрылғыны пайдалануына болмайды..

Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек..

Тағам пісіру барысында пісіру алаңдары қызып кетеді.. Кішкене балаларды әрқашан құрылғыдан алыс ұстаңыз..

Қолдану барысындағы сақтық шаралары

Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге және қуыруға арналған.. Бұл құрылғы коммерциялық мақсатта немесе өнеркәсіпте қолдануға арналмаған..

Пештің үстін ешқашан бөлме жылыту үшін қолданбаңыз..

Пеш үстінің жанында орналасқан розеткаларға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз.. Электр сымдары пісіру алаңына тиіп тұрмауға тиіс..

Қатты қызған тоңмай және өсімдік майы тез от алып кетуі мүмкін.. Тоңмай немесе өсімдік майын қолданып тағам пісіргенде, мысалы фри тағамын қуырғанда, пештің үстін қараусыз қалдырмаңыз..

Қолданып болғаннан кейін пісіру алаңдарын сөндіріңіз..

Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз..

Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз..

4

C61RCCNR_BWT_DG68-00310A-09_RU+UK+KK.indb 4

 

 

2/23/2017 9:05:45 PM