Негізгі функциялар

Дискіні ойнату

Ойнатудан бұрын

-Теледидарыңызды қосып, теледидардың қашықтан басқару пульті TV/VIDEO түймесін басу арқылы дұрыс бейне кіріс көзін орнатыңыз.

-Егер сыртқы аудио жүйені жалғаған болсаңыз, аудио жүйеңізді қосып, оны дұрыс аудио кіріс көзіне орнатыңыз.

Ойнатқышты қосқаннан кейін бірінші рет DVD POWER (қуат) түймесін басқаныңызда, экранда келесі хабар шығады: Егер тілді таңдағыңыз келсе, π/түймесін басыңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз (Бұл экран тек ойнатқыш алғаш қосылған кезде ғана шығады). Егер бастапқы экранға тіл орнатылмаса, құрылғыны қосып сөндіргенде параметрлер өзгеруі мүмкін. Сондықтан, пайдаланғыңыз келген тілді таңдағаныңызға көз жеткізіңіз. Мәзір тілін таңдап алғаннан кейін, оны диск салынбаған құрылғының алдыңғы панеліндегі /

түймесін 5 секундтан аса басу арқылы өзгертуге болады. Содан кейін қажетті тіл қайта орнатылатын SELECT MENU LANGUAGE (мәзір тілін таңдау) терезесі қайтадан шығады.

Іздеу және өткізу функцияларын пайдалану

Ойнату кезінде тарауды немесе тректі жылдам іздеуге және келесі таңдауға өткізу функциясын пайдалануға болады.

Тарау немесе тректің арасынан іздеу

Ойнату кезінде қашықтан басқару пультінде SEARCH (іздеу) ( немесе ) түймесін 1 секундтан аса басыңыз.

Дискіде бірден көп тақырыптар болған жағдайда қалаған тақырыпқа қол жеткізу үшін арналады. Мысалы, егер DVD дискісінде бірден көп фильм болса, әрқайсысы анықталады.

Белгілі бір жолды тез табу үшін DVD дискілерінің көпшілігі тараулармен жазылған.

Фильмді қалаған уақыттан бастап ойнатуға мүмкіндік береді. Басталу уақытын нұсқау ретінде енгізуіңіз керек. Уақытпен іздеу функциясы кейбір дискілерде жұмыс істемейді.

Дискіде бар субтитр тілдеріне нұсқайды. Сіз субтитр тілін таңдауға мүмкіндік аласыз, егер қаласаңыз, экраннан оларды сөндіруіңізге болады. DVD дискісінде әр түрлі 32-ге жуық субтитр болуы мүмкін.

Қалаған аудиоға, бұрышқа, бетбелгіге, EZ View (EZ қарау) функциясына және масштабтауға кіру үшін /® түймелерін енгізіп, басыңыз.

Фильмнің саундтрегінің тіліне нұсқайды. Мысалы, саундтрек English 5.1CH (ағылшынша) арнасымен ойналады. DVD дискісінде әр түрлі 8-ге жуық саундтрек болуы мүмкін. Кейбір DVD дискілерінде кез келген суреттен бірден аса жазылған бұрыш бар.

Бетбелгі функциясы DVD немесе CD дискіде тректі немесе тарауды оңай және тез табуға мүмкіндік береді. EZ View (EZ қарау) функциясы DVD дискідегі өлшемдер арақатынасын өзгерту үшін пайдаланылады.

ZOOM (Масштабтау) функциясы DVD суретін үлкейту үшін пайдаланылады.

Диск пен тақырып мәзірін пайдалану

DVD дискісі ойнатылып жатпағанда қашықтан басқару пультіндегі DISC MENU/TITLE MENU (диск мәзірі/тақырып мәзірі) түймесін басыңыз.

Ескертпе

DVD

2X,

4X,

64X, 128X

 

 

 

 

CD

2X,

4X,

8X

 

 

 

 

Тректерді өткізу

Ескертпе

-Осы функцияда көрсетілген жылдамдық негізгі ойнатқыш жылдамдығынан өзгеше болуы мүмкін.

-Іздеу күйінде еш дыбыс естілмейді (CD-дан басқа).

-Disc Menu (диск мәзірі) жұмыс істемеуі мүмкін. Дискіге байланысты.

-Сондай-ақ, дискінің мәзірін қашықтан басқару пультіндегі DISC MENU (диск мәзірі) түймесін басу арқылы пайдалануға болады.

-Тақырып мəзірі дискіде кем дегенде екі тақырып болған жағдайда ғана көрсетіледі.

Қайталап ойнату

Ойнату кезінде SKIP (өткізу) ( немесе ) түймесін басыңыз.

-DVD дискісін ойнатқанда, SKIP (өткізу) () түймесін бассаңыз, ол келесі тарауға жылжытады. Егер SKIP (өткізу) ( ) түймесін бассаңыз, ол тараудың басына жылжытады. Түйме тағы бір рет басылса, ол алдыңғы тараудың басына жылжытады.

-СD дискісін ойнатқанда, SKIP (өткізу) () түймесін бассаңыз, ол келесі трекке жылжытады. Егер SKIP (өткізу) ( ) түймесін бассаңыз, ол тректің басына жылжытады. Түйме тағы бір рет басылса, ол өткен тректің басына жылжытады.

Дисплей функциясын пайдалану

DVD/MPEG4 дискісін ойнату кезінде

1.Ойнату кезінде қашықтан басқару пультіндегі INFO (ақпарат) түймесін басыңыз.

2.Қажетті элементті таңдау үшін π/түймелерін басыңыз.

3.Қажетті реттеуді таңдау үшін /® түймелерін басып, ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

4.Экранның жоғалуы үшін INFO (ақпарат) түймесін қайта басыңыз.

Ағымдағы тректі, тарауды, тақырыпты, (А-В) таңдалған үзіндіні немесе толықтай дискіні қайталайды.

DVD дискісін ойнатқанда

1.Тарауды, тақырыпты, дискіні немесе қайталауды сөндіруді таңдау үшін REPEAT (қайталау)

түймелерін басыңыз.

-Chapter (тарау): ойнатылып жатқан тарауды қайталайды.

-Title (тақырып): ойнатылып жатқан тақырыпты қайталайды.

-Disc (диск): ойнатылып жатқан дискіні қайталайды.

-Off (сөндіру)

A-B қайталау функциясын пайдалану

1.Қашықтан басқару пультінде қайталағыңыз келетін үзінді басталатын (А) жерде REPEAT A-B (А-В қайталау) түймесін басыңыз.

2.Қайталағыңыз келетін үзінді тоқтатылатын (В) жерді белгілеу үшін қашықтан басқару пультінде REPEAT A-B (А-В қайталау) түймесін басыңыз.

3.Қалыпты ойнатуға оралу үшін REPEAT A-B (А-В қайталау) түймесін басып, дисплейден «Repeat : Off» (қайталау : сөндіру) көрінгенше ENTER (енгізу) түймесін басыңыз. .

Page 38
Image 38
Samsung DVD-C450K/XER, DVD-C350/XER, DVD-C350K/XER, DVD-C350/EDC, DVD-C450/EDC, DVD-C450/XER, DVD-C360/XER Негізгі функциялар