Ескертпе
-Файлдың өлшеміне байланысты әрбір суреттің арасындағы уақыт нұсқаулықтағыдан басқа болуы мүмкін.
-Егер ешқандай түймені баспасаңыз, слайдшоу әдепкісінше автоматты түрде шамамен 10 секунд ішінде қосылады.
CD-R JPEG дискі
-Тек «.jpg» және «.JPG» кеңейтімдері бар файлдар ойнатылады.
-Жазу барысында дискі жабылмаған болса (яғни, ол финализацияланбаған болса) ойнатудың басталуы ұзағырақ уақыт алуы мүмкін және жазылған файлдардың барлығы ойнатылмауы мүмкін.
-Тек ISO 9660 немесе Joliet пішіміндегі JPEG файлдары бар
-JPEG файлының аты 8 таңбадан ұзақ болмауы керек және онда бос орындар мен ерекше (. / = +) таңбалар кездеспеуі керек.
-Тек ретімен жазылған көп бөлімді диск ойнатылады. Егер көп бөлімді дискіде бос бөлім болса, диск тек бос бөлікке дейін ойнатылады.
-Жалғыз CD дискінде ең көбі 500 бейне сурет сақтауға болады.
-Kodak Picture CD пішімінді дискілерді пайдалануға кеңес беріледі.
-Kodak Picture CD дискілерін ойнатқанда, тек суреттер қалтасындағы JPEG файлдары ойнатылады.
-Kodak Picture CD дискі: суреттер қалтасындағы JPEG файлдары автоматты түрде ойнатылады.
-Konica сурет CD дискісі: Егер суретті көргіңіз келсе, клиптер мәзірінде JPEG файлдарын таңдаңыз.
-Fuji Picture CD дискісі: Егер суретті көргіңіз келсе, клиптер мәзірінде JPEG файлдарын таңдаңыз.
-QSS Picture CD дискісі: құрылғы QSS сурет CD дискісін ойнатпауы мүмкін.
-Егер 1 дискідегі файлдар саны
-Егер 1 дискідегі файлдар саны
Караоке функциялары
Караоке функциялары
Жұмыс реті (Тек DVD-C350K, C450K)
1.Аралас аудио шығыс терминалдарын теледидарға не күшейткішке жалғаңыз.
2.Микрофон құрылғысына микрофонды жалғаңыз. Микрофон жалғанған кезде, караоке функциялары пайдаланылады.
Микрофонның дыбыс қаттылығы және түймелермен басқару
1.Керекті әндері бар караоке дискісін ойнатыңыз.
-KARAOKE (†) (караоке) түймесін басып, Mic Volume (микрофонның дыбыс қаттылығы) таңдаңыз, содан кейін KARAOKE (†) (караоке) түймесін қайта басып, keycon таңдаңыз.
2.Қалаған дыбысты өзгерту үшін √/® түймелерін басыңыз.
Ескертпе
-Караоке мүмкіндігін пайдалану кезінде кері байланыс сигналдарын (шыңылдау не ысқырық) естілетін болса, микрофонды дауыс зорайтқыштардан алыс қойыңыз немесе микрофонның не дауыс зорайтқыштың дауысын ақырындатыңыз.
-MP3, WMA, DTS және LPCM дискілерін ойнатқанда, караоке функциялары жұмыс істемейді.
-Микрофон қосылып тұрғанда, дыбыс жұмыс істемейді.
-Микрофон дыбысы тек аналогты аудио шығыс көзі арқылы шығады.
-Егер микрофон алдыңғы панелдегі микрофон құрылғысына жалғанып тұрса, 5.1CH аудио 2 CH аудиоға автоматты түрде өзгереді, егер микрофон қосылмаған болса, бұл жағдай өзгермейді.
Орнату мәзірін өзгерту
Орнату мәзірін пайдалану
Реттеу мәзірі DVD ойнатқышыңызды әр түрлі тілдерді таңдау арқылы реттеуге, бастапқы деңгейді орнатуға, тіпті ойнатқышты өзіңіздің теледидар экранының түріне сай етіп реттеуге мүмкіндік береді.
1.Құрылғы тоқтап тұрған кезде қашықтан басқару пультінде MENU (мәзір) түймесін басыңыз. √/® түймелерін пайдаланып Setup (орнату) таңдап, † немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.
2.π/† түймелерін басып, мәзір параметрін таңдаңыз. Ішкі мәзірді ашу үшін ® немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.
3.Реттегеннен кейін орнату экранын кетіру үшін MENU (мәзір) түймесін қайта басыңыз.
Ескертпе
Дискіге байланысты орнату мәзіріндегі кейбір таңдаулар жұмыс істемеуі мүмкін.
Тіл мүмкіндіктерін реттеу
Егер ойнатқыш мәзірін, диск мәзірін, аудио және субтитр тілін алдын ала орнатқан болсаңыз, фильмді көріп отырған кезде олар автоматты түрде шығады.
Ойнатқыш мәзірінің тілін пайдалану
1.Құрылғы тоқтату режимінде тұрғанда, MENU (мәзір) түймесін басыңыз.
2.√/® түймелерін басып, Language Setup Page (тілді орнату бетін) таңдаңыз, содан кейін † немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.
3.π/† түймелерін басып, қалаған тілді таңдаңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.
Ескертпе
-Тіл таңдалып, экран тіл орнату мәзіріне қайтып оралады.
-Орнату мәзірін кетіру үшін MENU (мәзір) түймесін басыңыз.
-Егер таңдалған тіл дискіге жазылмаған болса, бастапқы алдын ала жазылған тіл таңдалады.
-Егер әдепкі саундтрек тілі дискіге жазудың негізгі тілі болуын қаласаңыз, «Original» (түпнұсқа) мәнін таңдаңыз.
-Егер субтитр тілі аудио тіл ретінде таңдалуын қаласаңыз, «Automatic» (автоматты) мәнін таңдаңыз.
-Кейбір дискілерде сіз таңдаған тіл болмауы мүмкін, бұл жағдайда дискі бастапқы тілді пайдаланады.
11