Пайдалану (Жалғасы)

Пайдалану (Жалғасы)

Пісіру панелінің қасына тез тұтанатын заттарды қоюға болмайды.

Жұмыс істеп тұрған панельге жақын жерде аэрозольдерді пайдалануға болмайды.

Құралды əр кез пайдаланғаннан кейін, газ құбырындағы бекіту вентилі жабық тұруы керек.

Тез бұзылатын өнімдер, пластикалық заттар, аэрозольдар жоғары температура əсерінен бүлінулері мүмкін. Сондықтан оларды пісіру панелінің жоғарғы жағында немесе оның жанында сақтауға

болмайды.

Пісіру панелі пайдаланылмаған кезде, құралдың барлық тұтқалары «өшіру» жағдайында болуы керек.

Электр сымдары бүлінген жағдайда, қауіпсіздік үшін оны өндіруші агент немесе сəйкес мамандалған тұлғалар сымдарды ауыстырулары

керек.

Назар аударыңыз

Берілген пісіру панелі тек үй жағдайында тамақ дайындауға ғана арналған. Ол коммерциялық немесе өндірістік мақсаттарға пайдалануға арналмаған.

Пісіру панелін ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда, қосымша желдетулер қажет болуы мүмкін. Мысалы терезелерді ашу немесе жасанды желдету қолданылса, желдету интенсивтілігін арттыру.

Ыстық ыдыстарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде ыстыққа төзімді ұстағыштар немесе қолғаптар пайдалану керек.

Ұстағыштар мен қолғаптардың су болмауын қадағалаңыз. Себебі, дымқыл материалда жылу өткізгіштік жоғарылайды. Соның салдарынан күйіп қалуыңыз мүмкін.

Конфоркаларды тек оған ыдысты қойғаннан кейін ғана пайдаланыңыз. Іші бос ыдыстарды қыздыруға болмайды.

Пісіру панелінде пластикалық ыдыстарды жəне алюминийлі фальгадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болмайды.

Басқа да электр құралдарын пайдаланған кезде олардың электр сымдарының пісірупанелінің бетіне тимеуіне көз жеткізіңіз.

Егер сіздің ағзаңызға қандай да бір медициналық құрал орнатылған болса, мысалыкардиостимулятор, онда пісіру панелін пайдаланар алдында дəрігерден кеңес алыңыз.

Панельден ыдысты алған кезде, ұстағыштардың ашық от жалынына тиіп кетпеуін қадағалаңыз.

Сүлгілер немесе басқа да үлкен көлемді материалдарды ұстағыш ретінде пайдалануға болмайды.

Ондай заттар конфоркаға жақындағанда жанып кетуі мүмкін.

Шыны ыдыстарды қолданған кезде, оның пісіру панелінде қолдануға арналғандығына көз жеткізіңіз.

Күйіп қалмау үшін, жеңіл тұтанатын заттардың жанып кетпеуі үшін, ыдыстың тұтқасын көршілер конфоркалардан алшақ, панельдің сыртына қарай немесе ортасына қарай бұрып қою керек.

Ыдысты пісіру панелінен алмас бұрын, ең алдымен конфоркаларды өшіріңіз.

Қатты жалында қуырылатын тамақты əр уақытта бақылап отыру керек.

Майларды біртіндеп қыздыру керек жəне қуырылатын тағамдар неғұрлым құрғақ болғаны дұрыс. Мұздатылған өнімдердегі мұз шықтары мен су тамшылары ыстық майда қайнап, ыдыстың сыртына шашырауы мүмкін.

Ыстық майы бар ыдыстарды басқа орынға ауыстыруға тырыспаңыз. Май суығанғадейін күтіңіз.

8

 

9

Page 33
Image 33
Samsung GN642JDBD1/BWT, GN642FDBD1/BWT manual Пайдалану Жалғасы