Параметрлер

Желілер және Интернет

Осы өнім желіге қосылғанда Smart Hub және BD-LIVE сияқты желіге негізделген бағдарламалар мен функцияларды қолдануға және өнімнің бағдарламалық құралын желілік қосылым арқылы жаңартуға болады. Интернет қызметтеріне кіру және оларды пайдалану туралы толық ақпаратты осы нұсқаулықтың 53~55-беттеріндегі «Желілік қызметтер» тарауынан қараңыз. Желілік қосылымды реттеуге арналған нұсқаулар төменде берілген.

Желілік қосылымды реттеу

Жұмысты бастамас бұрын, Интернет провайдеріне хабарласып, IP мекенжайының статикалық немесе динамикалық екенін анықтап алыңыз. Динамикалық болса және сізде сымды немесе сымсыз желі болса, төменде келтірілген Автоматты реттеу процедураларын пайдалануды ұсынамыз.

Егер сымды желіге қосылсаңыз, реттеу процедурасын бастамастан бұрын өнімді жергілікті желі кабелін пайдаланып маршрутизаторға қосыңыз.

Егер сымсыз желіге қосылсаңыз, бастамастан бұрын сымды желі қосылымын ажыратыңыз. Желі қосылымын теңшеуді бастау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1 . Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Желі параметрлері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Төмендегі сымды желілерге арналған нұсқауларға немесе 33-беттен басталатын сымсыз желілерге арналған нұсқауларға өтіңіз.

Сымды желі

Сымды - Автоматты

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім сымды қосылымды анықтап, желі қосылымын тексереді де, одан кейін желіге қосылады.

32 Қазақша

Сымды - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе Автоматты процедура жұмыс істемесе, Network Settings (Желі параметрлері) мәндерін қолмен орнату қажет болады.

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеруге әрекет етеді және тексере алмайды.

Желі параметрлері

Сымды желі байланысы сәтсіз болды.

 

 

MAC мекенжайы

XX:XX:XX:XX:XX:XX

 

IP мекенжайы

0.0.0.0

Алдыңғы

Ішкі желі қалқаны

0.0.0.0

Көмей

0.0.0.0

IP прм-лері

DNS сервер

0.0.0.0

Қайталау

Желіге қосылмады. Мына әрекеттерді жасап көріңіз: «IP

параметрлері» ішінде IP мекенжайы дұрыс орнатылғанын

OK

тексеріңіз. Толық ақпарат алу үшін, Интернет провайдеріне хаб-з.

2 . Экранның оң жағындағы IP прм-лері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. IP параметрлері экраны пайда болады.

3 . IP режімі өрісін таңдап, оны Қолмен мәніне орнатыңыз.

4 . Қашықтан басқару құралындағы санды түймелерді пайдаланып, Желілік мәндерді енгізіңіз. Бір жазба жолағынан екіншісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл мәндерді Интернет провайдерінен алуға болады. Сондай- ақ, бұл мәндерді Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Нұсқауларды осы беттегі «Желі параметрлерінің мәндерін алу» бөлімінен қараңыз.

5 . Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады.

<Желі параметрлерінің мәндерін алу > Сондай-ақ, Желі параметрлері мәндерін Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Желі параметрлерінің мәндерін қарап алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

• Windows XP

1 . Windows жұмыс үстелінің төменгі оң жағындағы желі белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен нұқыңыз.

HT-E5500K_RU_KAZ_0316.indd 32

2012-03-16 오전 9:47:37

Page 98
Image 98
Samsung HT-E5530K/RU, HT-E5550K/RU manual Желілер және Интернет, Желілік қосылымды реттеу, Сымды желі, Сымды Қолмен