Шарлау анықтамасы : Веб-шолғышта жылжу үшін пайдалануға болатын қашықтан басқару құралының түймелерін көрсетеді.
2• ЖАСЫЛ (B) : басқару тақтасын көрсетеді.•САРЫ (C) : Байланысты іздеу үшін.•Tools : Құралдар терезесін көрсетеді.•Exit : Алдыңғы мәзірге оралу үшін.BD-LIVE™
Өнім желіге қосылған соң, BD-LIVE қызметін қолдайтын дискілерде түрлі фильмдерге байланысты қызмет мазмұнын көруге болады.
1 . USB жад құрылғысын өнімнің алдыңғы жағындағы USB ұясына жалғаңыз да, оның қалған жад көлемін тексеріңіз. BD-LIVE қызметтері үшін жад құрылғысының кем дегенде 1 Гбайт бос орны болуы керек.
2 . Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.
3 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.
4 . BD-Live параметрлері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.5 . BD деректерді басқару тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.6 . Құрылғы таңдаңыз тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.7 . USB тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.8 . BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісін салыңыз.9 . Диск өндірушісі қамтамасыз еткен әртүрлі BD-LIVE қызмет мазмұндары тізімінен бір элементті таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Диск өндірушісіне байланысты, BD-LIVE қызметін қолдану жолы мен қамтамасыз етілген мазмұндар әртүрлі болуы мүмкін.