Қосымша

BD-Live интернет қосылымыBD-LIVE мазмұнын пайдалану кезінде Интернет қосылымы шектеулі болуы мүмкін.Anynet+ (HDMI-CEC)

Теледидарға байланысты белгілі бір HDMI шығысының ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функция қол жетімді болмайды.

Егер Samsung теледидарында Anynet+ логотипі болса, онда ол Anynet+ функциясын қолдайды.

BD деректерді басқару

Сыртқы жад режимінде USB құрылғысын ойнату ортасында ажыратсаңыз, дискіні ойнату тоқтатылуы мүмкін.

FAT файл жүйесінде (DOS 8.3 том белгісі) пішімделген USB құрылғыларына ғана қолдау көрсетіледі. Оқу/жазу жылдамдығы 4 Мбит/сек. немесе одан жылдам USB 2.0 протоколын қолдайтын USB құрылғыларын пайдалану ұсынылады.

Resume Play (Ойнатуды жалғастыру) функциясы сақтау құрылғысы пішімделгеннен кейін жұмыс істемеуі мүмкін.

Жағдайларға байланысты BD деректерін басқаруға қол жетімді жалпы жад көлемі басқаша болуы мүмкін.

Параметрлер

DivX® талап бойынша

DivX(R) VOD туралы қосымша ақпарат алу үшін, «http://vod.divx.com» торабына кіріңіз.

Динамик параметрлері

Динамик таңдау параметрі Тлд динамигі мәніне қойылғанда дыбыс теледидардың динамиктері арқылы шығарылады.

HDMI дыбысы

HDMI дыбысы теледидар үндеткішіне шығарылғанда, ол 2 арнаға автоматты түрде төмен түседі.

Дыбыстық кері арна

Anynet+ (HDMI-CEC) параметрі Өшіру мәніне орнатылғанда, Дыбысты қайтару арнасы функциясы қол жетімді болмайды.

ARC (Дыбысты қайтару арнасы) үшін куәландырылмаған HDMI кабелін пайдалану үйлесімділік проблемасын тудыруы мүмкін.

ARC функциясы тек ARC-үйлесімді теледидар қосылғанда қол жетімді болады.

Цифрлық шығыс

Сандық шығысты Тлд динамигі параметріне Динамик таңдау мәні таңдалғанда қосуға болады..

56 Қазақша

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 56

2012-04-26 오전 10:39:59