ФУНКЦИЯЛАР

TV SOUNDCONNECT

Теледидар дыбысын TV SoundConnect функциясын қолдайтын Samsung теледидарына жалғанған SoundStand арқылы ести аласыз.

+Теледидарды SoundStand құралына жалғау

Қосу

1.Теледидарды жəне SoundStand құралын қосыңыз.

Теледидар мəзірін қосыңыз.

"Дыбыс" жиекбелгісінде Динамик параметрлеріне жылжыңыз.

"Жаңа құрылғы қосу" мəзірін "Қосу" мəніне қойыңыз.

2.TV режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының үстіңгі панеліндегі ( ) түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы SOURCE түймесін басыңыз.

3.Теледидарда TV SoundConnect функциясын қосуды сұрау хабары пайда болады. Теледидардың экранында "[Samsung] SoundStand" жазуы пайда болады.

4.Теледидар мен SoundStand жүйесін теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы қосуды аяқтау үшін <Yes> (Иə) жауабын таңдаңыз.

● SoundStand режимін теледидардан басқа режимге ауыстыру TV SoundConnect мүмкіндігін автоматты түрде тоқтатады.

SoundStand жүйесін басқа теледидарға қосу үшін, бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.

Бар теледидардағы байланысты тоқтатып, басқа теледидарға қосу үшін қашықтан басқару құралындағы түймесін 5 секунд бойы басыңыз.

2012 жылдан бастап шығарылған кейбір теледидарлар TV SoundConnect (SoundShare) функциясын қолдайды. Бастау алдында теледидарда TV SoundConnect (SoundShare) функциясына қолдаудың бар-жоғын тексеріңіз. (Қосымша мəліметтер алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

Сіздегі Samsung теледидары 2014 жылдан бұрын шығарылған болса, SoundShare setting мəзірін тексеріңіз.

Теледидар мен SoundStand жүйесінің арасындағы қашықтық 5 метрден асса, қосылыс тұрақты болмауы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидар мен SoundStand жүйесін жұмыс ауқымына қайта орнатып, TV SoundConnect

қосылымын қайта жасаңыз.

● TV SoundConnect жұмыс ауқымы

-Ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде

-Ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде

Play/Pause, Next, Prev TV SoundConnect

режимінде жұмыс істемейді.

+Bluetooth POWER On

функциясын пайдалану

Bluetooth POWER On функциясын SoundStand жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады.

Bluetooth POWER On функциясы қосулы болған кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе өшірсе, SoundStand қуаты да қосылып, өшеді.

1.TV SoundConnect функциясы арқылы теледидарды SoundStand құралымен байланыстырыңыз.

2.SoundStand жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER түймесін басыңыз. SoundStand жүйесінің дисплейінде

"BLUETOOTH POWER ON" хабары көрсетіледі.

BLUETOOTH POWER ON : Теледидарды қосқан жəне өшірген сайын SoundStand жүйесі де қосылады жəне өшіріледі.

BLUETOOTH POWER OFF : SoundStand

жүйесі тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.

● Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung теледидарларында қолдау көрсетіледі.

18

Page 41
Image 41
Samsung HW-H600/RU manual + Теледидарды SoundStand құралына жалғау, + Bluetooth Power On Функциясын пайдалану, Қосу